ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп бірлесіп, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жас ұлан» әскери-патриоттық іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында патриоттық рухты қалыптастыру, әскери қызметке қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерінің ептілігі мен командалық үйлесімділігін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушыларға әскери қызметтің ерекшеліктері мен талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























