«Ауыл» партиясының төрағасы: «жаңа Конституция – қоғам сұранысына жауап береді»
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Өз сөзінде спикер бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.
«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін,...
Тұқымнан өнімге дейін: Жетісуда қант қызылшасының ерте пісетін сорты пайдаланылады
Жетісу облысында қант қызылшасының жоспарланған 13,0 мың га егіс көлемін себуге алдағы көктемгі науқанға 17,4 мың себу бірлік тұқым дайындалуда. Бұл ретте өнімді уақытылы алу және оны өңдеуге дер кезінде қабылдау үшін ерте пісіп жетілетін сорты да пайдаланылады. Бұл туралы ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу...
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов 10 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
💬Кеше Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталды. Өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы, талқылау процесінің ашық жүргізілуі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.
Президентіміз атап өткендей, жаңа Конституция жобасында “адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” қағидаты айқындала түскен. Конституциялық реформаның көздеген мақсаты...
2026 жылы Жетісу облысында бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған
2026 жылы Жетісу облысында мемлекеттік жастар саясаты, отбасы және азаматтық белсенділікті дамыту бағытында бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалар өңір жастарының әлеуетін арттыруға, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Жобалар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 10 жоба жарияланды, оның ішінде 2 жоба ұзақ мерзімді грант, яғни 2026–2028...
Цифрлық құқықты қорғау бүгінгі күннің талабы – Алматы облысы мәслихатының төрағасы
Жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды. Бұл туралы облыс мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматы облысы – халық тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер белсенді іске қосылған өңірлердің бірі. Сондықтан, ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуы тиіс «Alatau City» жобасы дәл осы өңірде қолға алынып жатыр.
«Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі...
Келіп түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Бақыт Нұрмұханов
Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
«Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар – мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті Үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар!
Бәріңізге мәлім, Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл...
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.
«Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның...
Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қорғау бөлігінде конституциялық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бастама көтерді.
«Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан және баспанасынан айырылудан қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Тұрғын үйге құқық – бұл әлеуметтік...
Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол Ата Заңда сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға ғана емес, сондай-ақ баспанадан сот шешімінсіз шығаруға да жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынды.
Ластаевтың айтуынша, тұрғын үй базалық құндылық ретінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Экономикалық, әлеуметтік және...





























