-3.2 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 22 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 49

«Таза Қазақстан»: Жетісуда табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды

Жетісу облысында табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды. Оның тағы бір ерекшелігі сол, бұл демалыс орнына «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркте өсетін ағаштар отырғызылып, оны мекендейтін жануарлардың мүсіндері орнатылған, сөйтіп «Қойтас» ұлттық парктің  флорасы мен фаунасынан кеңінен хабар береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аумағы 6 гектарды құрайтын «Қойтас» саябағы Сарқан ауданының  Сарқан қаласында орналасқан. Саябақты...

Салықтар мен баждар Жетісу облысының болашағын қалай жасайды

Импорттық тауар үшін салық немесе кедендік баж төлеген сайын, біз күрделі қаржылық тетікті іске қосамыз. «Жол» немесе «зейнетақы» салықтары туралы аңызға қарамастан, бұл ақшаның нақты мақсатты белгісі жоқ. Олар бірыңғай мемлекеттік бюджетке жиналып, сол жерден өзендер секілді бүкіл елге тарап, өңірлерді нәрлендіреді. Қазақстан мен жас Жетісу облысының мысалында есептердегі дерексіз сандардың нақты инфрақұрылым мен әлеуметтік игіліктерге қалай айналатынын қарастырайық. Тәуелсіздіктің...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

«Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер,...

Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңге. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні...

Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді

2025 жылдың 25–29 қазаны аралығында Астанада үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді. Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен өткізіледі. Демеушілер Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары. Турнирдің жалпы сыйақы...

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні (бұдан әрі – МБА) атап өтіледі. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік...

1–11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленуде

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдар беру орталығында жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған кезеңдік нұсқаулықты әзірлеу мақсатында жұмыс тобының қызметі басталды. Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән педагогтеріне, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар беру мамандарына арналған. Онда іс-әрекеттің нақты алгоритмдері, сабақтардың үлгілік сценарийлері, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл формалары,...

Жетісуда мал қыстату маусымы үшін 2 млн. тоннадан астам жем-шөп дайындалды, ал өңірдегі малдың басы 2,7 миллионнан асты

Жетісу облысында жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дәл қазір аймақта мал қыстату маусымына арнап 2 млн. тоннадан астам шөп, сүрлем және жем түрлері дайындалды. Ал облыстағы малдың басы 2,7 миллионнан асты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке қарағанда, биыл 2 миллион 236 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланған. Бүгінгі күнге 2 млн. 270,1...

«Болашақ жастар қолында» атты патриоттық байқау өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Бостандық ауданы №65 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты Туды алып шығу рәсімі бойынша байқау өтті. Шараға он мектептің оқушыларынан құралған командалар қатысып, өздерінің патриоттық рухы мен әскери саптық дайындықтарын көрсетті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

2025 жылға арналған бақылау тексеру сабақтары

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы 2025 жылға арналған бақылау тексеру сабақтарын тапсыруда. Әскери қызметшілер кәсіби дайындық, жалпы әскери білім және дене шынықтыру бойынша сынақтар тапсырып, өздерінің қызметтік шеберлігі мен дайындық деңгейін көрсетуде. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті