17.9 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 13 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 47

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды

Бітімгерлік миссияның қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарын табыс етті. Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасында орналасқан Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді. БҰҰ медалімен миссияда қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери қызметші марапатталды. Қазақстандық әскери қызметшілер...

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды. Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді: азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс...

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар. Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық...

Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті, онда 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Алқаға Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының жауапты қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, аумақтық бөлімшелердің өкілдері және министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз сөзінде...

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты. Отырысқа қатысушыларға арнаған...

ВВП Казахстана вырос на 6,5% в 2025 году

Экономика Казахстана, по итогам 2025 года, продемонстрировала уверенный рост. Согласно оперативным данным, индекс физического объема ВВП по отношению к соответствующему периоду 2024 года составил 106,5%. Это означает, что реальный рост экономики достиг 6,5%, что свидетельствует о расширении производства товаров и услуг, передает inbusiness.kz со ссылкой на Бюро национальной статистики АСПиР РК. "В структуре ВВП доля производства товаров занимает 36,1%, услуг — 57,7%....

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған. Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды. Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII–XIV ғасырлардағы Алтын...

Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті. Іс-шараға депутаттар, әлеуметтанушылар, отандық кино және музей саласының өкілдері, шығармашылық бірлестіктер, медиақауымдастық және креативті ұйымдар қатысты. Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналды. Кездесуде Аида Балаева Ата заң жобасында адами...

Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды

Жетісу облысында жас кәсіпкер қолдан пісірілетін нан өндірісін жолға қойды. Мамандығы экономист бола тұра, наубайшы кәсібін өз бетінше меңгерген ол «тірі» қол ашытқыларды ғана пайдаланып, ашытқы (дрожж) қоспай дайындалатын «пайдалы» нанның жеті түрін өндіруде. Қазіргі таңда кәсіпорында жергілікті ұнды пайдалана отырып, күніне 350-ге жуық өнім дайындалады. Дайын өнім облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Алдағы уақытта кәсіпкер өнім түрлерін көбейтіп,...

Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың робототехника орталығы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру саласының басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге студенттер, жас...