Қазақстан аумағында радио және телеарналар уақытша өшіріледі

864

Телерадиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізіледі.

«19 қараша сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады» деп ескертеді компания. «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асады.

«Қазтелерадио» АҚ

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK