Білім берудегі цифрлық инновациялар
Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Оқу жұмысы үш мәселеге тіреледі: бірі – қаражатқа, бірі – құралға, бірі – мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу ауытқымай, түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты, орнықсыз» - деген екен. Ағартушының осыдан бірнеше уақыт бұрын айтқан бұл тұжырымы мемлекетіміздің білім беру саласындағы саясатының негізгі бағыты десек, артық емес....
«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды
Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Назарбаев Университетінің базасында өткен отырыстың пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев...
Қан айналымы жүйесі ауруларының саны артуда
Қан айналым жүйесінің аурулары еліміздегі әлеуметтік мәні бар аурулар болып табылады және адамдардың өмір сүру ұзақтығының төмендігі мен өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептерінің бірі. Облыстық кардиологиялық орталық - өңірдің медицина саласындағы маңызды стратегиялық нысаны, ІІІ деңгейдегі облыстағы жалғыз тері арқылы коронарлық араласу орталығы болып есептеледі, құрамында облыстың ересек халқына мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін кардиологиялық, интервенциялық және кардиохирургиялық...
Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша еліміздің үздік құсбегілері Көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түскен.
«Щучинск қаласында тамыздың 12-сі мен 25-сі аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынымызда 9 спортшы бүркіт, қаршыға және ителгі құстарымен жаттығып жатыр. Келесі оқу-жаттығу жиынымыз Астана қаласында, 27-ші тамыз бен 7-ші қыркүйек аралығында болады», -...
9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнайы төлемді тағайындау үшін 55 жасқа толуы және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті саналады.
Бүгінгі таңда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 9145 азаматқа 1,7...
Көшпенділер ойындары: Әлемнің 35 елінен келетін садақшылар қазақстандық өнімді пайдаланады
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай.
Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.
«Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғыстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін...
Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады
28-тамызда Франция астанасы Париж қаласында XVII жазғы паралимпиада ойындары басталады. Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады.
Төрткүл дүние көз тіккен Париждегі додада Қазақстан туын паралимпиададан Азия ойындарының жүлдегері, (волейболды отырып ойнаудан) Қазақстанның он дүркін чемпионы Берік Ізмағанбеотв пен пара оқ атудан чемпион Севда Алиева алып шығады.
Салтанатты жиын барысында Олжас Бектенов спортшыларға ыстық ықыласын...
Президент Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.
«Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар...
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 30 грант беру жоспарлануда.
Грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша «волонтерлік» көзделген (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы...
Президент Көшпенділер ойынын өткізудегі дайындық жұмыстарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысы, Көшпенділер ойынына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды. Халықаралық іс-шараға 1500 ерікті тартылады.
Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық құраманың әзірлігі жөнінде баяндады.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін халықаралық және республикалық деңгейде 42 оқу-жаттығу жиыны өткен. Сондай-ақ спортшылар 7 халықаралық және 25 республикалық турнирге қатысқан.
▪️Жалпы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің...





























