Қан айналым жүйесінің аурулары еліміздегі әлеуметтік мәні бар аурулар болып табылады және адамдардың өмір сүру ұзақтығының төмендігі мен өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептерінің бірі. Облыстық кардиологиялық орталық — өңірдің медицина саласындағы маңызды стратегиялық нысаны, ІІІ деңгейдегі облыстағы жалғыз тері арқылы коронарлық араласу орталығы болып есептеледі, құрамында облыстың ересек халқына мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін кардиологиялық, интервенциялық және кардиохирургиялық қызметтері бар.
Статистикалық деректер бойынша облыста ағымдағы жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейінің өскені байқалады. Қажеттілікті қамту мақсатында ағымдағы жылдан бастап амбулаториялық жағдайларда (АПП, күндізгі стационар бойынша) коронарография енгізілді. Орталық мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында жоғары технологиялық медициналық көмек саны өсуде. Облыстық кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сурашев «Науқастарды Республикалық клиникаларға жіберу пациенттер үшін қосымша қиындықтар туғызады. Бүгінгі күні мамандардың дағдылары біздің орталықта орындалатын ЖТМК сапасы мен түрлері Республикалық клиникалармен салыстыруға болады. Бұдан басқа, облыста медициналық туризм дамуда, бүгінгі таңда Республиканың басқа облыстарынан ғана емес, әлемнің басқа елдері мен қалаларынан да пациенттер келуде. ҚЖА – нан өлім-жітімі жоғары аудандарға мамандар тобын жіберу ұйымдастырылды. Алғашқы медициналық жедел жәрдем дәрігерлерін жүрек-қан тамыры ауруларын ерте диагностикалау бойынша жұмысты күшейту мақсатында оқыту ұйымдастырылды»-деп атап өтті.