Ұлағат иелеріне құрмет көрсетілді
Шәкiрттерiн бiлiм нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбиe беру, жақсы қасиeттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудe ұстaздың еңбегi зор. Сондықтан да олар әрдайым құрметті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиеді. Елімізде 5 қазан ұстаздар күні ретінде мерекелене бастады.
Ұлт көсемі, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы : «Мектептің жаны мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай...
Оқы. Үйрен. Талаптан!
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп түлегі Санжар Молдахметовпен кездесу өтті. Кездесу «Ақылды бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында өтті.
Санжар Назарбаев Университетінің бакалаврды сәтт аяқтап, «Қаржы ғылымдарының магистрі» бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.
Мектепте оқып жүрген кезінен бастап Санжар өзінің шығармашылық музыкалық қабілетімен, сонымен бірге жоғары оқу үлгерімімен көзге түсті. Оқу мен мектеп өмірін қалай біріктіруге болады? Қалай жан-жақты адам болуға...
Дін саласы: Біліктілікті арттыру курсы өтуде
Жетісу дін істері басқармасы мен "Болашақ бағдары" ҚБ ұйымдастыруымен облыс аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, АТТ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру бойынша оқыту курсы өтуде.
Мұндағы мақсат - дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәселелерді талдау, БАҚ-тағы жарияланымдарды құқықтық жағынан реттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету. Қатысушыларға курстың алғашқы күнінде «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының...
Бізде дауыс беру үдерісінің толық және сенімді көрінісі бар
«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға жуық учаскіні қамтыдық.
Біздің бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақтарды қамтыды.
Біз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру хаттамаларына қол қойылғанға дейін күні бойына сол жерлерде бақылаушылардың болуын қамтамасыз еттік.
Коалицияның аймақтық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні бойы жұмыс...
«БАҚЫЛАУ ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
6 қазан – референдум күні «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы Қазақстан бойынша 10 қалада атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Талғар және Қонаев қаларында бақылаушылық жасады. Барлығы 1800 учаскеде дауыс беру процесінің шынайы әрі таза өтуін бақылады.
«Бақылау қырандары» бақылаушылар тобын құру туралы бастама көтерілгеннен бастап, есімдері елге белгілі саясаттанушы азаматтар біздің бастамамызды қолдады. Алматы қаласындағы Бас...
Тарихи күн болды
Кеше Қазақстан үшін тарихи күн болды: халық елдің энергетикасының болашағын анықтайтын, Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылдады. Ядролық физика институтының қызметкерлері бұл жобаны қолдап, 20 аймақта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған 13 мыңға жуық адам қатысты.
Халық штабының оң рөлін атап өтпеу мүмкін емес, оның жұмысына мен де белсене қатыстым. Бізге жүктелген міндет жоғары деңгейде орындалды деп есептеймін. Қазақстан халқы атом...
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзіл ұстаздарды төл мерекемен құттықтады
Облыс орталығы Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Ұстаз ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ұстаздарға ақжарма тілегін білдірді. «Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұрпаққа...
Жетісуда 1000-нан астам ұстаз кәсіби мерекесіне орай марапатталды
Жетісу өңірінде ұстаздар күні мерекесіне орай білім саласына қосқан үлесі мен кәсіби қызметіндегі ерекше жетістіктері үшін 1000-нан астам ұстаз марапатталды. Облыстық Б.Римова драма театрында облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстың педагогикалық қауымдастығын арнайы құттықтады.
Құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев ұстаздардың өскелең ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына қосқан үлесінің ерекше екенін айта келе, ұстаздық кәсіптің беделін арттыру мақсатында жасалып жатқан мемлекеттік қолдауларға,...
Қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді
2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында exit-poll – дауыс беру учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.
Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңының және "Республикалық референдум туралы" Заңының талаптарына сәйкес біздің Институт экзитпол жүргізу ниеті туралы Орталық референдум комиссиясын хабардар етті.
Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық...





























