Жетісу дін істері басқармасы мен «Болашақ бағдары» ҚБ ұйымдастыруымен облыс аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, АТТ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру бойынша оқыту курсы өтуде.
Мұндағы мақсат — дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәселелерді талдау, БАҚ-тағы жарияланымдарды құқықтық жағынан реттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету. Қатысушыларға курстың алғашқы күнінде «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, Теология ғылымдарының Pһd докторанты, РАТТ мүшесі Тимур Нүсіпханұлы мен Нұр-мүбарак университетінің профессоры, Исламтану бойынша Pһd доктор, қауымдастырылған профессор, РАТТ мүшесі Асқар Әкімханов дәріс беруде. Спикерлер мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндірудің ең тиімді тәсілі – ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының өзектілігі, Ислам дініндегі деструктивті діни топтардың шығу себептері, исламдағы дәстүрлі суннилік бағыттың діни негіздері мен принциптері сынды тақырыптарда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, аталмыш шара 5 күнге жалғасып, курс соңында оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіліп, арнайы куәліктер табысталады.