18.2 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 22 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 397

Президент Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды жобаны атады

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың екінші республикалық форумында сөйлеген сөзінде атом электр станцияларына қатысты референдум тақырыбын қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz. Президент санаулы күннен кейін жалпыхалықтық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр стансасының болуы не болмайтынын шешетінін еске салды. "Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді. Дауыс беру нәтижесі...

Ұстазын ұлықтаған — ел бақытты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 – қазан Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған «Ұстазын ұлықтаған - ел бақытты» атты мерекелік жиын өтті. Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауымен басталды. Еліміз бойынша алғаш рет аталып отырған мерекемен университет ұжымын Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, оқытушылар мен қызметкерлерге жылы лебізін білдірді. «Жоғары білім саласы – ел ғылымы...

ҚАЗАҚСТАНДА АТОМ ЕСІМДІ 5 АДАМ БАР

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады. Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі: - Атомжан — 2 адам - Атомбек — 6 адам - Атомвек — 2 адам - Атомтай — 1 адам Ескерте кететін жайт, аталған...

Жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары АЭС құрылысына дауыс беруге ниетті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Жетісу облысына келді. Штаб құрамындағы депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері «Айсұлу» тігін фабрикасының ұжымымен Қазақстанда АЭС салу бойынша өткізілетін алдағы референдумға қатысты мәселелерді талқылады. Электрмен жабдықтау мәселесі – барлық өңірге ортақ. Энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарының салынуын тежейді. Бұл мәселені қолданыстағы ЖЭО-мен салыстырғанда басым тұстары әлдеқайда көп...

«Қызыл тас — Тасбақа» экологиялық акциясы өтеді

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары және қала қонақтары! 2024 жылдың 03 қазан күні сағат 11.00-де «Таза Қазақстан» Республикалық бағдарламасы аясында «Қызыл тас - Тасбақа» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда. Акцияға қатысушылардың жиналу орындары: 1) Н.Назарбаев - Шевченко көшелерінің қиылысы, «Рахат» аялдамасы; 2) 5 ш/а., «Самал» аялдамасы; 3) «Сказка» (қазіргі DODO Pizza мейрамханасы), Н.Назарбаев – Абылай Хан көшелерінің қиылысы. Қоғамдық көліктер сағат 09:00-ден бастап белгіленген орындарда күтетін болады....

Жыл сайын Жетісу облысына 80-ге жуық дәрігер келеді

Жетісу облысында медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу үшін биылдан бастап көтерме ақы төленеді. Енді өңірге келген дәрігерлер ауылдық жерде жұмыс істейтін болса, 10 млн. теңгеден және қалада жұмыс істеген жағдайда 5 млн. теңгеден алады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен жылы өңірде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 8%-ға төмендеген. Жыл басынан бері облысқа 76 маман келді, - деп, хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. -...

Қариясы бар елдің қазынасы бар

Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Өмірлерін жас ұрпақтың өсуіне, жарқын болашағына арнаған ата-апаларымыз ортамызда. Олар қол қусырып қарап отырмай,  жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысады. Әрқайсысының өнегелі еңбек жолы бір-бір дастан. Үлкендерге лайықты сый-құрмет жасап, алғысына...

АЭС-энергияның тұрақты көзі

Дарын Бөргеков,ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары: «ЖЭК және күн энергиясы секілді баламалы энергия көздерімен салыстырғанда біз үнемі ауа райына тәуелдіміз. Егер күн болмаса, онда күн энергетикасы зардап шегеді. Жел болмаса,жел энергетикасын өндіру де қиындыққа түседі. Айта кету керек,бұл көздердің қызмет ету мерзімі-15 жыл болса,АЭС -энергияның тұрақты көзі болып табылады.Қауіпсіздікті біз ғана емес,Атом энергиясы жөніндегі...

Энергия тапшылығы жойылады

Дәметкен Тойбазарқызы, саудагер:  6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға  үй ішімізбен қатысамыз. Барша қазақстандықтар осы күні дұрыс шешім қабылдап, ел болашағын құруға тамшыдай болса да өз үлесін қосады деген ойдамын.  Саудагерлердің барлығы атом электр стансасының пайдасы туралы білеміз. Ақпарат жеткілікті. Үгіт-насихат топтары күнделікті келіп, АЭС-тің пайдасы туралы түсіндіріп, сұрақтарымызға жауап беруде. Десек те, кейбір азаматтардың АЭС туралы теріс пікірі...

Жетісу облысының ХҚКО-ларында Қарттар күніне арналған шара өтті

1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның Жетысу облысы бойынша филиалы акция өткізді. Бұл күні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады. Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 20-ға жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 100-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Талдықорған қаласында және Панфилов...