«Қызыл тас — Тасбақа» экологиялық акциясы өтеді

9

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

2024 жылдың 03 қазан күні сағат 11.00-де «Таза Қазақстан» Республикалық бағдарламасы аясында «Қызыл тас — Тасбақа» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда.

Акцияға қатысушылардың жиналу орындары:
1) Н.Назарбаев — Шевченко көшелерінің қиылысы, «Рахат» аялдамасы;
2) 5 ш/а., «Самал» аялдамасы;
3) «Сказка» (қазіргі DODO Pizza мейрамханасы), Н.Назарбаев – Абылай Хан көшелерінің қиылысы.

Қоғамдық көліктер сағат 09:00-ден бастап белгіленген орындарда күтетін болады. Жолға шығу уақыты 9:30-да.

Өтетін орны: Талдықорған қаласы «Қызыл тас — Тасбақа» шатқалы, көпір арқылы өту, Қызыл тас саяжайының соңғы аялдамасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз