1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның Жетысу облысы бойынша филиалы акция өткізді. Бұл күні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады.
Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 20-ға жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 100-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Талдықорған қаласында және Панфилов ауданында, ал ең аз мөлшері Текелі қаласында берілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 93 мыңға жуық зейнеткер бар.
Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты.
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы