Энергия тапшылығы жойылады

56

Дәметкен Тойбазарқызы, саудагер:  6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға  үй ішімізбен қатысамыз. Барша қазақстандықтар осы күні дұрыс шешім қабылдап, ел болашағын құруға тамшыдай болса да өз үлесін қосады деген ойдамын.  Саудагерлердің барлығы атом электр стансасының пайдасы туралы білеміз. Ақпарат жеткілікті. Үгіт-насихат топтары күнделікті келіп, АЭС-тің пайдасы туралы түсіндіріп, сұрақтарымызға жауап беруде. Десек те, кейбір азаматтардың АЭС туралы теріс пікірі қалыптасқан. Оларға  шамам жеткенше түсіндіруге тырысамын. Атом электр стансасы біздің елімізге өте қажет. Көмір жағып, электр қуатын өндіру- өткен шақтың үлесінде қалуы керек.Қазір заман талабы басқа. Көршілес мемлекеттер АЭС салуға құлшына кірісіп жатқанда, біз неге артта қаламыз? Президентіміз айтқандай,экономиканы дамытудың бірден бір жолы- энергия тапшылығын жоюдан басталады. Қашанғы өзге елдің қалтасын қампитып,солардың затын саудалаймыз? Өз елімізде өнеркәсіп орындарын көптеп салып, өзгеге қолжаюды тоқтатсақ,ұрпағымыз үшін де жақсы емес пе. Жаңа жұмыс орындары ашылатыны да қунарлық әрі құптарлық іс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз