14.3 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 11 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 394

Талдықорғанда барлық смарт аялдамалар қалпына келтірілуде

Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы 21 смарт аялдамалар бар. Олар 2018 жылы қолданысқа берілген. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бүгінде қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы барлық смарт аялдамалары 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. «2018 жылы салынған аялдамалардың барлығы расымен сын көтермейтін дәрежеге жетіп, халық арасында үлкен мәселеге айналған болатын. Енді смарт аялдамаларды...

Талдықорғанда биылғы жылы 10 мың түп ағаш көшеттері егіледі

Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200 түп ағаш көшеттері егілді. Аталмыш эко акцияға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, ерікті жастармен бірлесе тал көшеттерін отырғызып, қаламыздың одан әрі көркем, жасыл желекке толы болуына өзіндік үлестерін қосқан әрбір жанға алғысын білдірді. Қала әкімінің сөзінше, биылғы жылы шаһар аумағына 10 мың түп ағаш көшеттерін егуді жоспарлап отыр. Осылайша күз мезгілінің...

Ауылына қарап, азаматын таны

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды»,- деген еді. Мемлекет басшысының бастамасымен көктем айында басталған қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына талдықорғандықтар белсенді қатысуда.  Шаһардың әлеуметтік-экономикалық...

Жетісу облысында 30 жылдай жөнделмеген шалғайдағы ауылға апаратын жол жасалды

Жетісу облысында шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолдың жөндеуі аяқталды. Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жөндеу жүргізілген учаскелерін жүріп өткен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс жұмыстарының нәтижелерін көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 176 км, соның 137 шақырымы жөнделді, оның 78,5 шақырымына жөндеу...

Жетісудың Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында ауыз су сапасының мәселесі шешілді

Жетісудағы Қаратал ауданының ең шалғай елді мекені – Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, соңғы жылдары тұрғындар тұзды су ішуге мәжбүр болған еді. Мәселенің қалай шешілгенін бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында арнайы көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, 2010 жылы ауылда сумен...

Жетісу облысының Алмалы ауылында жаңа мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен спорт кешені салынады

Қаратал ауданының Алмалы ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан салынады. Атап айтқанда, мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. Бұл туралы бүгін Қаратал ауданына барған жұмыс сапарында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын...

Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар мәдениет үйі салынады

Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар жаңа мәдениет үйі салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданына жасаған жұмыс сапары барысындағы ауыл тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ауылдықтардың айтқан өтініші негізінде өңір басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға аталған нысанның құрылысына дайындық жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көпбірлік ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуге жуырда пайдалануға берілген...

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен шараларға 220 мыңнан астам жетісулық қатысты

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тек сенбілік шаралар ғана ұйымдастырылып қоймай, ақпараттық-түсіндірмелі және қайырымдылық бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі жастарға қызмет көрсету орталығында 1 қараша күні «ЭКОtime» тақырыбында жастармен кездесу өтіп, қатысушыларға қоқысты қалай дұрыс сұрыптау және сол арқылы қайырымдылықпен айналысу жолдары түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді. Өңірдегі экобелсенді, волонтер Аманжолұлы Ғазиз 2021 жылдан бері өз үйінің ауласында целлофан, қағаз,...