Ауылына қарап, азаматын таны

38

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды»,- деген еді.

Мемлекет басшысының бастамасымен көктем айында басталған қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына талдықорғандықтар белсенді қатысуда.  Шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісімен қатар қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстайтын Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл тұрғындарды пайдалы іске жұмылдыруда  білек сыбана кірісіп кетеді. Әкімнің басшылығымен  көктем айында  1500 түп ағаш көшеті отырғызылса, күз айында оны 10 мыңға жеткізу жоспарланған. Қараша айының алғашқы күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жатақханасы аумағына қала әкімдігі, жастар және коммуналдық қызмет мекемелерінің қатысуымен 200 түп  ағаш көшеті қондырылды. «Біздің Талдықорғанды атының өзі айтып тұрғандай, одан әрі жақсартып, көркейту үшін жасыл желектерімізді егіп жатырмыз. Көбіне біздің климатқа бейімделген шырша, қарағай, қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері егіледі. Бұл жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей, көктем-күз айларында қаланың тысқары аумағын да жүйелі түрде қамтымақпыз. Туған жерін көркейтіп, көгалдандыруға өзіндік үлесін қосып жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін»,- деді қала әкімі Ернат Бәзіл.  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына  қаламыздың мекемелері, тұрғындары да  өз үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызуды жалғастыра бермек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз