Талдықорғанда биылғы жылы 10 мың түп ағаш көшеттері егіледі

154

Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200 түп ағаш көшеттері егілді.

Аталмыш эко акцияға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, ерікті жастармен бірлесе тал көшеттерін отырғызып, қаламыздың одан әрі көркем, жасыл желекке толы болуына өзіндік үлестерін қосқан әрбір жанға алғысын білдірді.
Қала әкімінің сөзінше, биылғы жылы шаһар аумағына 10 мың түп ағаш көшеттерін егуді жоспарлап отыр. Осылайша күз мезгілінің өзінде 8 мыңнан аса ағаш көшеттерін екпекші.
«Біздің қаламыздың атының өзі айтып тұрғандай Талдықорғанымыздың одан әрі жасарып, көркеюі үшін жасыл желектерімізді егіп жатырмыз. Біз көбіне біздің климатқа бейімделген шырша, қарағай, қылқан жапырақты ағаштарын егеміз. Бұл жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей енді көктем-күз айларында қаланың тысқары аумағында жүйелі түрде қамтымақпыз», — деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаламыздағы мекемелер де, өз үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызуда. Айта кетейік, Талдықорғанда көктем айларында 1500 түп ағаш көшеттері егілгілген болса, алдағы уақытта 8500 түп ағаш егілмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз