14.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 39

Жетісуда құтқарушыларға арнайы көліктер тапсырылды

Бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және облыс әкімі Бейбіт Исабаев құтқарушыларға арнайы техника кілттерін тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Талдықорғандағы орталық алаңда өткен кілт беру салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы облыста төтенше жағдайлар саласының материалдық базасын нығайтуға жүйелі түрде көңіл бөлінетінін айтты. - Облыс құрылған кезде Төтенше...

Жетісу облысында ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды

Жетісу облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев пен облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жиын өткізді. Жиында тараптар материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бағытындағы алдағы қадамдарды талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы өз сөзінде: - Облыс құрылғалы бері...

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА КОНТЕКСТІНДЕГІ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ

2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.   Талқылауға Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.   Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және әділ Қазақстанның орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған бастамаларының дәйекті...

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл іс-шара көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде ТЖ алдын алуға және оларды жоюға бағытталған барлық жерлерде шынайы су тасқынына қарсы іс-шараларды...

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгіқағидалары: ұрпақтар сабақтастығы»тақырыбында диалог алаңы өткізілді. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, саясаттанушы Талғат Қалиев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі Индира...

Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы...

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді. – Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы...

Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіре отырып, бұл сапар Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатқанына назар аударды. – Сербия Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз саналады. Көптеген саладағы өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Бүгін екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін...

Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев: – Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы...

Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді Студиялық форматтағы пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында және Хабар арнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Қосымша ақпарат «Референдум-2026» Telegram арнасында жарияланады. Дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, жобаға қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, халық сауалдарына жауап береді.