Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұл іс-шара көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде ТЖ алдын алуға және оларды жоюға бағытталған барлық жерлерде шынайы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндет форматында ұйымдастырылды.
Практикалық бөлім шеңберінде халықты құлақтандыру, ақпараттандыру, қорғау бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды дайындау, қар шығару, сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын, зардап шеккен халықты эвакуациялау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Оқу-жаттығу кезеңінде 87 км бөгет нығайтылды, 1715 су өткізу құрылыстары, 750 км арықтар мен каналдар тазартылды, 59 мың тонна инертті материалдар дайындалды, сондай-ақ 383 мыңтекше метр қар шығарылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына 933 тұрғын үй мен 70 әлеуметтік нысанның, оның ішінде қарттар үйлерінің, интернаттар мен сәбилер үйлерінің аула аумақтарын қардан тазалауға көмек көрсетілді.
Өңірлерде ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың, су тасқынына қарсы және эвакуациялық комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысы ұйымдастырылды, олардың нәтижелері бойынша көктемгі кезеңнен қауіпсіз өту жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.
Аумақтың қауіпсіздік паспорттарын, ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметтерінің өзара іс-қимылы жөніндегі картографиялық материалдарды нақтылау және түзету жүргізілді, тиісті өзгерістер енгізілді.
Халықты құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын, эвакуациялауды, инженерлік жұмыстарды жүргізу бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу шеңберінде барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарды тарта отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді, оған 8,5 мыңнан астам адам мен 3 мыңға жуық бірлік техниканы жұмылдырылды.





























