Шекарашылар Республика күніне арналған шара ұйымдастырды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне
қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жас
сарбаздарына арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты
әдеби кеш өтті. Республика күніне арналған шара басқарманың бас тәлімгері
подполковник Берік Қалиахметовтің бастамасымен ұйымдастырылды.
Әдеби-сазды кеште Отан, туған жер, батырлық туралы өлеңдер
оқылып, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. «Күз-2024»
сарбаздары қатарынан өнерлі шекара сақшылары қатардағы жауынгерлер
Мадияр Ашир мен Сержан Игенбайлар домбырамен ән...
Ынтымақты ұран еткен халықпыз
Серік Жансеңгіров, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты: Баршамыз үшін осы күннің мәні де, маңызы да жоғары. Бұл күн – ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың Тәуелсіздік жылдары бағындырған белестері орасан, табыстары толағай. Қазақстан демократия, тең құқықтық және серіктестік қағидаларына негізделген дамудың жаңа сатысына...
Тарихи шешім
Толымбек Данабеков: Түп шежіресі тереңнен бастау алатын еліміз талай қиындықты бастан өткерді. Десе де, өзінің асқақ, өр рухымен барлығын еңсере білді. Бабалар арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қол жеткіздік. Баршамызға мәлім, 25 қазан — Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Заңға сәйкес ұлттық мереке ретінде елдің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар...
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер,...
Жетісуда 34 көп қабатты үйдің шатыры мен 10 үйдің қасбеті бюджет қаржысы есебінен жөнделуде
Жетісу облысында биыл Талдықорған, Текелі қалалары мен Көксу ауданында 34 көп қабатты үйдің шатыры мен 10 үйдің қасбеті жөнделеді. Оған жергілікті бюджеттен 702,5 млн. теңге бөлінді.
Мәселен, Талдықорған қаласының өзінде ғана биыл 28 үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жасалуда, ал Текелі қаласында 5 үйдің, Көксу ауданында 1 үйдің шатыры жөнделіп бітті.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтің айтуынша, бүгінгі күні он үйде...
Жарқын болашаққа нық сеніммен
Батырбек Қайыпбай, «Жастар Рухы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы: 25 қазан - еліміздің тәуелсіздігі мен қалыптасуының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күн - Қазақстанның болашақтағы өркендеуі мен дамуына негіз болған мемлекетіміздің жандануы мен нығаюының символы. Біз осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұта аламыз: экономикадағы, мәдениеттегі, білімдегі және халықаралық аренадағы жетістіктеріміз - халықтың қажырлы еңбегі мен бірлігінің нәтижесі....
Жетісудың жиырма жылдай орталықтандырылған суы болмаған елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылды
Жетісу облысының Көктал ауылындағы жаңа көшелерге ауыз су құбыры тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары қараша айында толық аяқталады. Бұл мәселені көкталдық жаңа шағын аудан тұрғындары жиырма жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатқан. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бұл мәселе биыл шешімін тапты.
Панфилов ауданының Көктал ауылында 10 мыңнан астам адам тұрады. Осы ауылдың шетінен берілген жер учаскелеріне 2006 жылдан...




























