Шекарашылар Республика күніне арналған шара ұйымдастырды

62

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне
қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жас
сарбаздарына арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты
әдеби кеш өтті. Республика күніне арналған шара басқарманың бас тәлімгері
подполковник Берік Қалиахметовтің бастамасымен ұйымдастырылды.
Әдеби-сазды кеште Отан, туған жер, батырлық туралы өлеңдер
оқылып, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. «Күз-2024»
сарбаздары қатарынан өнерлі шекара сақшылары қатардағы жауынгерлер
Мадияр Ашир мен Сержан Игенбайлар домбырамен ән айтып, күй тартты.
Сонымен қатар, шара барысында ұйымдастырылған түрлі
байқауларға қатардағы жауынгерлер: Арман Тұрсынжан, Әділ Қарсыбай,
Есіл Еркін, Әділет Құмарғали және тағы басқа сарбаздар белсенді қатысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз