18 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 380

Елімізде кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі

Мәжіліс отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-ананың қарауынсыз, тұрмыстық қиын жағдайда қалған балаларды қабылдаушы отбасы институтын заңға енгізу мәселесін түсіндіріп берді. Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында депутаттар білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оқу-ағарту министрлігі бастамашы болған түзетулер кәсіби қабылдаушы отбасы тұжырымдамасын заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына орналастырудың балама нысанын белгілеу арқылы жетілдіруге...

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды. Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізу қажет. Премьер-министр 19 заң жобасының 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар экономиканы орнықты дамуына, денсаулық сақтау жүйесін және азаматтардың өмір сүру сапасын...

Әлеуметтік қызметкерлер даярлау және оңалтуға арналған техникалық құралдар, инватакси – Олжас Бектенов мүгедектігі бар жандарды қолдау бойынша оң тәжірибені кеңінен таратуды тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Тиісті министрлер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек, оқыту және олар үшін кедергісіз орта құру мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдері, бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады. Қазақстанда барлығы 732 мың мүгедектігі бар адам тіркелген. Үкімет азаматтардың осы санатын қолдау және жайлы кедергісіз ортаны қалыптастыру...

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде ерекше қонақжайлық көрсеткен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен біртуған қырғыз халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Ынтымақ Ордо» ғимаратында өтіп жатқан алқалы жиын Түркі мемлекеттері ұйымының 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды. – Бұл – мерейлі белес. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Түркі мемлекеттері ұйымы аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналды....

Шетелдік дәрігер кардиоорталықта мастер класс өткізді

Жетісу облыстық кардиологиялық орталықта өңір медицинасындағы маңызды оқиға – халықаралық мастер-класс өтті. Іс-шара барысында әлемге әйгілі кардиохирург, Германиядан келген профессор Торстен Ханке жүрек аритмияларын емдеуге бағытталған көрсетілімдік операциялар жүргізді. Профессордың жетекшілігімен митральды, аорталық қақпақшаларды протездеп, қолқа-тәжді шунттау және өткізгіш жолдарды криоабляциялау процедурасын, сондай-ақ криоабляция процедурасымен митральды қақпақшаны протездеу орындалды. Торстен Ханке Гамбург қаласындағы Asklepios Klinikum Harburg клиникасының жетекші кардиохирургы ретінде аритмияларды...

Шекарашылар қоян-қолтық жарыстан жеңіске жетті

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 40398 әскери бөлімінде Үшарал гарнизоны  бастығының  кубогіне арналған әскери қоян-қолтықтан жарыс өтті. Аталған жарыста ҚР ҰҚК Шекара қызметі  Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері де бақ сынады. Түрлі салмақтағы белдесудің қорытындысында ефрейтор Ә.Ахметбеков, қатардағы жауынгер Б.Ысқақов майор С.Алмас, ефрейтор E.Жабайханов, кіші сержант Е.Тұңғатаров, кіші сержант Ұ.Әлекеев, кіші сержант Е.Баянбаев, сержант Е.Борашевтер жүлделі орындардан...

Теріс әрекеттің алдын алуға арналды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті  Алакөл ауданы бойынша   шекара басқармасының бөлімшелерінде әскери тәртіпті бұзудың алдын алуға  арналған шара ұйымдастырылды. ҚР ҰҚК екінші әскери полиция бөлімінің анықтаушысы майор Айдос Нүспеков, Панфилов аудандық  полиция бөлімінің учаскелік полициясы капитан Еркебұлан Бошинтаев, тәрбие бөлімінің аға офицері майор Нұрлыбек Жасұлан «Іле», «Қарақұм», «Ынталы», «Қорғас», «Басқұншы», «Алмалысу» шекара бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Тәрбие сағаты...

Қаржылық сауаттылықтан дәріс оқылды

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен қаржылық сауаттылық курсы ұйымдастырылды. Шекара сақшыларына қаржы сарапшысы Сая Сағынғалиева бес күн бойы жеке және отбасылық бюджетті құрастыру, тауарлық несие мен қызметтерді алу мүмкіндігі, несие мен қарыздың тұзағына түспеу  жолдарын талдай білу туралы ақпарт жеткізді. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу...

Қаржылық еркіндікке апаратын үш жол: жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімін таңдау

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады. Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған. Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында...

Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты. - Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың...