15.8 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 378

Хабарландыру!

Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары! 2024 жылдың 13-16 қараша күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 241 ғимаратының мәжіліс залында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау бойынша жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізеді.

Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ

Баршаға мәлім, елдегі электр энергиясын тұтыну халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тікелей байланысты. Ең жоғары жүктемелер таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болады. Бұған дейін жүргізілген уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады. Ең жоғары жүктемелер сол деңгейде қалды, жалғыз өзгеріс кешкі ең жоғары тұтынудың ертерек басталуы болды. Дегенмен, бұл өсім...

Олжас Бектенов: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету – Үкіметтің ең басты міндеттерінің бірі

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ірі отандық фармацевтика компанияларының басшылары: «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» атқарушы директоры Светлана Киль, «Химфарм» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова баяндама жасады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы дәрі-дәрмек...

Үкіметте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алдын алу жұмыстары туралы айтты, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады. ТЖМ мәліметінше, биыл қазан айының басынан бері тұрғын үй секторында орын алған 650-ден астам өрт тіркелген. Негізгі себептердің бірі – жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шыңғыс Әрінов өңірлер...

Мәнерлеп оқу байқауы Ілияс Жансүгіровтің мерейтойына арналды

 «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College»  бірлесе Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай  «Ілияс әлемі » атты қалалық мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды. Сайыстың аты сайыс, оза шапқандар  анықталды. Әділқазылардың шешімімен Ілияс Жансүгіров колледжінің білімгері   Нұрайжан...

Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания - TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған. Әріптестік аясында TSARKA ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады. Баг-баунти платформасы – тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және...

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 64 аудиторлық іс-шара өткізді,оның ішінде 37 іс-шара мемлекеттік мекемелерде және 27 іс-шара квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өткізілді. Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 9,5 млрд. Теңгені құрады, оның ішінде 5,6 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтар және 3,8 млрд. теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 893,9 млн. теңге...

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Құқықтарды қалпына келтіру – Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту немесе заң бұзушылықтар орын алса, азаматтар EgovKzBot2.0 Telegram боты немесе «E-otinish» платформасы арқылы өтініш білдіріп, құқықтық қолдау...

Талдықорғанда келесі жылы 98 көше жарықтандырылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы ұзындығы 498 шақырымды құрайтын түнгі жарық желілері тартылған. Бүгінде 640 көшенің 420 көшесі жарықтандырылған. Қаланы толық түнгі жарық шамдармен қамту жұмыстары әлі де жалғасуда. Айтап айтқанда, қазіргі таңда қала орталығынан бөлек, қаланың тысқары аудандары және саяжай мен жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандарды түнгі жарықпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың өзінде, 3-бөлімшеге 630 жарық шамдары орнатылып...

Талдықорғанда бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерден түсетін салық мөлшері 15,3 есеге артқан

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен Талдықорған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бойынша жергілікті кәсіпкерлермен жиын өтті. Естеріңізге салсақ, қала әкімінің қолдауымен ағымдағы жылдың 12 ақпандағы №16-93 қалалық мәслихатың шешімімен бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілген болатын. Жиын барысында ағымдағы жылы кәсіпкерлер үшін қолданысқа енген бөлшек салық арнайы салық режимінің тиімділігі қорытындыланып, кәсіпкерлердің қаржылық...