Талдықорғанда келесі жылы 98 көше жарықтандырылады

54
Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы ұзындығы 498 шақырымды құрайтын түнгі жарық желілері тартылған. Бүгінде 640 көшенің 420 көшесі жарықтандырылған.
Қаланы толық түнгі жарық шамдармен қамту жұмыстары әлі де жалғасуда. Айтап айтқанда, қазіргі таңда қала орталығынан бөлек, қаланың тысқары аудандары және саяжай мен жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандарды түнгі жарықпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың өзінде, 3-бөлімшеге 630 жарық шамдары орнатылып тұрғын үй алабы толықтай жарықтандырылса, ал оңтүстік батыс тұрғын үй алабындағы Еңбекші және Жетіген көшелеріне түнгі жарық тарту жұмыстары басталып, қараша айының соңына дейін аяқталмақ. «Біз 2025 жылы қала бойынша 2 жобаны іске асыру үшін жоба жасап, қаражатқа өтінім бердік. Егер жобамызға қаражат бөлінген жағдайда 54,5 шақырым болатын электр желілерін тартып, 98 көшені түнгі жарыққа қоспақпыз. Осылайша, қаланың Хутор ауданы және 10 саяжайдың орталық көшелері жарықтандырылатын болады», — деді қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.
Сонымен қатар, қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасына сәйкес қала аумағында түнгі жарыққа қосылмай қалып қалған көшелерді жарықтандыру жұмыстары да кезең-кезегімен жалғасатын болады.
Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз