Талдықорғанда бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерден түсетін салық мөлшері 15,3 есеге артқан

51
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен Талдықорған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бойынша жергілікті кәсіпкерлермен жиын өтті.
Естеріңізге салсақ, қала әкімінің қолдауымен ағымдағы жылдың 12 ақпандағы №16-93 қалалық мәслихатың шешімімен бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілген болатын. Жиын барысында ағымдағы жылы кәсіпкерлер үшін қолданысқа енген бөлшек салық арнайы салық режимінің тиімділігі қорытындыланып, кәсіпкерлердің қаржылық айналымы мен төленетін салық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқаны байқалды. «Өткен жылы кәсіпкерлер тарапынын салықтың мөлшерлемесін төмендету төңірегінде үлкен мәселе көтерілген болатын. Біз шағын және орта бизнес саласын қолдау мақсатында салық мөлшерін төмендету үшін келелі жиын өткізіп, оң серпін беретіндігіне сенім артқан едік. Бүгінгі таңда бұл шешіміміз жақсы нәтижесін беріп, салықтық түсімдердің көлемі артып, бюджетке айтарлықтай қаражат түсіп отыр. Енді бұл мақсаттағы жұмыстарды жалғастырып, кәсіпкерлерімізге барынша қолдау танытпақпыз», — деді қала әкімі Ернат Бәзіл. Айта кетейік, бүгінгі өткен жиынға кәсіпкерлер, кәсіпкерлік бірлестіктер, облыстық «Атамекен» ҰКП, облыстық және қалалық салық органдары өкілдері қатысты.
Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз