15.2 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 24 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 374

Қазақстанда халықтың табысы жаңа әдіспен есептелетін болады

Қазақстанда халықтың орташа табысы жәрдемақы тағайындауға жауапты жүйе – Digital Family Card жинаған деректер негізінде есептелетін болады. Елімізде халықтың табысын жаңа әдіспен – медианалық көрсеткіш арқылы есептей бастайды. Орташа табыс жан басына шаққандағы орташа табысты бөлудегі орта болып табылады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін барлық қажетті деректер Сандық отбасы картасынан (DFC) алынады. Ұлттық статистика бюросының басшысы тиісті бұйрыққа қол қойды. Сандық...

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын қарады. Пленарлық отырыс барысында Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Премьер-министрге Үкіметтің әртараптандырылған экономика құру, жоғары деңгейде қайта өңдеу салаларын дамыту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарларына қатысты сауал жолдады. «Экономиканы әртараптандыру – ол Үкіметтің...

Экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қарқынды жүруде

«Жасыл ниеттестік» ҚБ  халық арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау және шешу мәселелерінде жұмыс жүргізуде. Ұйымның басым бағыттары тұрғындардың экология туралы білімін жетілдіруге,  туризмді дамыту, қосымша инфрақұрылым орнату, жергілікті таза табиғи өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау танытуға, одан бөлек елдімекендердің тазалығына мониторинг жүргізу, түрлі конкурс ұйымдастыру арқылы экологиялық мәселелердің шешілуіне ықпал етуге бағытталған. Аталмыш бастамалар  өңірдің экологиялық хал-ахуалын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзі

Құрметті қауым! Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты...

Халық қаһарманын еске алды

ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамының қатысуымен Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Халық қаһарманы - Рақымжан Қошқарбаев» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. H.Дәулетова атындағы залда өткен маңызды шараны тарихшы, ғалым, алаштанушы Елдос Тоқтарбай жүргізді. Алғаш сөз алған ардагер диктор Аманжан Серіков батыр ағамыз туралы естелік айтты. Келесі кезекте сөз алған Рахымжан Қошқарбаевтың қызы...

Сарбаздарға қару табыстады

Әскердегі сарбаз үшін маңызды оқиғаларының бірі - әскери техника мен қаруды тапсыру салтанаты. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсыру рәсімі өтті. Жас сарбаздар курста оқу кезінде штаттық қарудың сипаттамасын, оның жауынгерлік мүмкіндігін, заманауи ұрыстың маңызын, сондай-ақ қару- жарақпен, әскери техникамен, ату қаруымен жұмыс жасау кезінде қауіпіздік шаралардың талаптарын зерделеген...

Елдің барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Бүгін, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық өңірінде дабыл қағылады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында болады. Сонымен 21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған. «Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, қазіргі жағдайда одан...

Талдықорғанда 17 отбасы баспанаға ие болды

Талдықорған қаласындағы «Шығыс» шағын ауданынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 17 отбасыға жаңа баспана берілді,-деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Осынау қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков арнайы келіп, баспаналы болып жатқан тұрғындарға ақжарма тілегін ақтарып, пәтер кілттерін табыс етті. «Бүгін көптен күткен пәтерімді алып, риза болып жатырмыз. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасы ретінде кезекте 10...

Жетісуда әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары 97 пайызға аяқталды

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмысы аяқталуға таяды. Жалпы өңірде әлеуметтік әлжуаз санатындағы 5787 отбасы болса, бүгінде соның 5619-ына аталған құрылғылар қойылды. Бұл іс осы қараша айының соңына дейін толық атқарылады. Датчиктер орнатуды жергілікті аудан-қала әкімдері, Төтенше жағдайлар департаменті және осы іске жауапты мердігер компания өкілдері бірлесіп қолға алған. - Мұндай датчиктерді орнату...

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрігердің рецепті бойынша медициналық көрсетілімдер болған жағдайда маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады.Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен...