Талдықорғанда 17 отбасы баспанаға ие болды

9

Талдықорған қаласындағы «Шығыс» шағын ауданынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 17 отбасыға жаңа баспана берілді,-деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Осынау қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков арнайы келіп, баспаналы болып жатқан тұрғындарға ақжарма тілегін ақтарып, пәтер кілттерін табыс етті.

«Бүгін көптен күткен пәтерімді алып, риза болып жатырмыз. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасы ретінде кезекте 10 жылдан аса уақыт осы баспананы күттік. Сол күнге де жеттік, рақмет. Шынымен халықтың жағдайына аса көңіл бөліп жатқан қала басшылығына аналық алғысымды айтамын», — деді Альмира Закарьянова.

Айта кетейік,  бұл күні пәтер кілті 5 жетім балаға, 4 мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасыға, 3 көпбалалы анаға, 2 толық емес отбасыларға және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 2 азаматқа, сондай-ақ, әскери қызметін орындау кезінде қайтыс болған бір отбасыға табысталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз