Бүгін, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық өңірінде дабыл қағылады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында болады.
Сонымен 21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.
«Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, қазіргі жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулар алу қажет»,- делінген хабарламада.