Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау...
Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Құрметті халқым! Сіздерді айтулы мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егеменді еліміздің туы көкте қалықтай берсін! Қазақ жұртына мықты денсаулық, татулық пен ырыс-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын!
Жанар Бейсенбаева, ұстаз.
Егемен елдің ұлық мерекесі құтты болсын!
Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақ мемлекеті әрқилы кезеңдерден өте отырып,дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтылуда. Мен, "ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген теңеумен тарихта қалған қиын жылдарды басынан өткерген бабалардың ізін жалғастырушы ұрпақпын. Бұлай дейтінім, Монғолиядан қазақ жеріне, ата-баба арманын арқалап келгеніме оншақты жыл болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатын қолдап, ел дамуына өзіндік үлесімді қосып жүрмін. Әкем-Монголхан...
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Құрметті жерлестер! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығымен құттықтаймын! Бұл мереке-халқымыздың мызғымас бірлігін әлемге паш етіп, дербес мемлекет ретінде танылған күн. Осы бақытымыз баянды, еліміз бай-қуатты болғай! Әрбір отбасына амандық, береке, қуаныш, шаттық тілеймін!
Әділ Тарпанбаев, зейнеткер-құрылысшы.
Көк байрағымыз биіктен желбірей берсін!
Құрметті талдықорғандықтар! Сіздерді қазақ елі үшін аса қасиетті де қастерлі мереке-Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Ата-бабамыз қаншама ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік бақытын көру біздің ұрпаққа бұйырды. Осындай маңызы жоғары тарихи кезеңнің әр күнін бағалай білейік. Тәуелсіздігіміздің мұраты-ұлттық рухты күшейту жолында азаматтарымыз аянып қалған жоқ. Тарихи кезеңдер санамызда сайрап тұр. Қазақ зиялылары, қайраткерлеріміз, батыр бабаларымыздың қанымен, желтоқсаншыл жастарымыздың ерліктерімен келген – Тәуелсіздігіміз...
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу
Қазақстан су ресурстарын басқару жүйесін реформалауда елеулі қадам жасады. Бұл өзгерістер суды тұрақты және тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шолулар топтамасы аясында Primeminister.kz сайты еліміздің су шаруашылығының болашағын қалыптастыратын негізгі бастамалар туралы толығырақ тарқатады.
Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында су ресурстарына қол жеткізу және сапасы мәселесіне баса назар...
Қазақстан мен Марокко ынтымақтастықты нығайтуда: қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойылды
Марокконың Әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөздер барысында қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды.
Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдерді жасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел Гибралтар бұғазы арқылы...
Дәм мен дәстүр үндестігі
Төл өнім – тек нарықтағы тауар емес, ұлттық болмыстың, мәдениеттің және экономиканың ажырамас бөлігі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан білім мен дағдының, еңбек пен шығармашылықтың нәтижесі. Оның құндылығы тек сапасы мен ерекшелігінде ғана емес, сонымен қатар, тарихында, халықтың өмір салтымен байланысында жатыр. Оны қолдау – ұлттық экономиканы дамытуға, мәдениетті сақтауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға үлес қосатын маңызды міндет. Бұл...




























