Егемен елдің ұлық мерекесі құтты болсын!

28

Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақ мемлекеті әрқилы кезеңдерден өте отырып,дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтылуда. Мен, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген теңеумен тарихта қалған қиын жылдарды басынан өткерген бабалардың ізін жалғастырушы ұрпақпын. Бұлай дейтінім, Монғолиядан қазақ жеріне, ата-баба арманын арқалап келгеніме оншақты жыл болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатын қолдап, ел дамуына өзіндік үлесімді қосып жүрмін. Әкем-Монголхан 90-ға аяқ басты. Ата қонысқа келген тоғыз баласының, олардан өрбіген ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлдене берсін!Айбынымыз асып берекеміз тасып, бақытты болайық, ағайын!

Қуанбай Монголхан, кәсіпкер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз