Ел дамуының жаңа сатысы
Жаңа кезеңдегі реформалар – ел дамуының сапалы жаңа сатысы. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңға енгізілген өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақтылай түседі. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, демократиялық құндылықтарды нығайтудың маңызды қадамы. Негізгі басымдық – адам және оның...
«Педагогикалық» идеялар панорамасы — 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды
Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.
Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.
Байқау ережелерімен толық танысу үшін ppi.orleu.edu.kz сайтына өту ұсынылады.
Дереккөз:...
Талдықорғанда жетінші әлеуметтік дүкен іске қосылды
Талдықорған қаласында жаңартылу жұмыстарынан кейін әлеуметтік дүкен ашылды. Жалпы, облыс орталығында «Жетісу» ӘКК желісі бойынша құрылған 7 әлеуметтік дүкен мен сөрелер жұмыс істейді. Онда азық-түлік тауарлары нарықтағыдан орта есеппен 20-25% төмен бағада, бұл жергілікті тұрғандардың негізгі азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуларына мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Халыққа пайдалы бұл сауда нысаны «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ...
Қоғамның қозғаушы күші саяси үдерісті қолдайды
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген нақылында да үлкен мән бар. Бүгін біз ұрпақты қалай тәрбиелесек, қандай білім берсек болашақтың болмысы сондай болмақ. Осындай тұщымды ойды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілі Қуаныш Сайлаубай жастармен «Open Talk: Таңдау уақыты» атты жиында кездесті.
Іс-шарада Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі...
Жаңа тарихты бірге жазайық!
Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жөнінде жасаған мәлімдемесі:
"Бүгін мен Парламент мінберінде бір мандатты депутат қана емес, қазақ қоғамының белсенді азаматы, тәжірибелі журналист ретінде сөз сөйлеп, қоғам жұртшылығына үндеу жасағым келеді. Оның үстіне, жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге тақау Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде,...
Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды
Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.
Бейнеқоңырау...
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті
Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.
📢Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы халықтың хабардар болу деңгейі
Телефон сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 81,8%-ы елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу жоспарланып отырғанын біледі, олардың 33,7%-ы референдум туралы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естіген, бірақ егжей-тегжейлі білмейді. Жаңа Конституция жобасы бойынша...
Найдите свой участок для голосования по ИИН
Запущен сервис «Найдите свой избирательный участок для голосования по ИИН» для определения участков для голосования на республиканском референдуме, который состоится 15 марта 2026 года.
Узнать свой участок можно по следующим ссылкам:
https://www.gov.kz/referendum?lang=ru
https://referendum2026.gov.kz/ru
https://referendum.gov.kz/ru
ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.
Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:
https://www.gov.kz/referendum?lang=kk
https://referendum2026.gov.kz/kk
https://referendum.gov.kz/kk
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: РЕФЕРЕНДУМ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢІ
Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.
Сенат Төрағасы мәслихат депутаттарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі өкілдерімен жүздесуде 15 наурыз күні референдумда қазақстандықтар...





























