Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген нақылында да үлкен мән бар. Бүгін біз ұрпақты қалай тәрбиелесек, қандай білім берсек болашақтың болмысы сондай болмақ. Осындай тұщымды ойды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілі Қуаныш Сайлаубай жастармен «Open Talk: Таңдау уақыты» атты жиында кездесті.
Іс-шарада Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Құқықтық реформалардың ел дамуына, әділ сот төрелігіне, азаматтардың қорғалуына әсері туралы нақты мысалдар келтірді.
Алғысөзді алған Қуаныш Сайлаубай Жаңа Конституция жобасы – еліміздің ертеңін айқындайтын, жастарымыздың сапалы білім алуына кепіл болатын стратегиялық шешім екенін жеткізді.
– Ертең үшін Мағжан Жұмабаев сенген жастардың бүгінін жарқын және жарық етуіміз керек. Қазақ елінің көгінде жарқырау үшін. Бабалар аманаттап қалдырған ұлан-ғайыр далада салтанат құруы үшін. Бүгінде мемлекет байлығы біліммен бағаланады. Білімді ұрпақ елдің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Ал жаңа Ата Заң білім мен ғылымды қолдауда маңызды рөлге ие. Жалпы, Жаңа Конституциялық жоба Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық беру – адам капиталына сүйенетін заманауи мемлекеттің бағдарын айқындайды, — деді ол.





























