Ел дамуының жаңа сатысы

5

Жаңа кезеңдегі реформалар – ел дамуының сапалы жаңа сатысы. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңға енгізілген өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақтылай түседі. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, демократиялық құндылықтарды нығайтудың маңызды қадамы. Негізгі басымдық – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан Конституциядағы жаңашылдықтар азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігінің артуы қоғамдағы жауапкершілік пен сенімді күшейтеді. Осылайша, жаңа редакциядағы Конституция елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және әрбір азаматтың өз болашағына сеніммен қарауына негіз болатын маңызды құжат ретінде қызмет етеді. Мұндай реформалар Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуына жаңа серпін береді.

 

Мейірман Тілеуберлинов, Талдықорған қоғамдық кеңесінің мүшесі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз