20.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 25 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 347

Жұмысшы мамандықтарының жылы: биыл Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады

Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің...

Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған

Биыл Жетісу облысының денсаулық сақтау саласында 88 нысан ашу жоспарланған, соның 59-ы «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында, 20-сы блокты-модульді нысан, 9-ы – жаңа құрылыс. Мәселен, өткен жылы жылы Жетісу облысында 26медициналық нысан, соның ішінде 24 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 250 келушіге арналған емхана пайдалануға берілген болатын. Ал биыл 88 нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр. Өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын...

АУЫЛДА 1,2 МИЛЛИОН ТҰРҒЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда. Көлік медицинасы - тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде. 2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны...

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты. – Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық...

Жетісу облысында «Жаңа мамандықтар аймақтық атласы» әзірленді

Жетісу облысында басымдыққа ие салалар бойынша «Жаңа мамандықтар аймақтық атласы» әзірленді.  11 колледжде жаңа бағдарламалар енгізіліп, бірнеше оқу орнында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ облысымызда «Medskills» және «Veterenarus Open Zhetysu» байқаулары ұйымдастырылды. Алакөл ауданында 4 гектарға жеміс бағы отырғызылады.  Бұл шаралар болашақ мамандарды даярлауға және экономикамызды дамытуға бағытталады.                                  ...

2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты. Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар...

Талдықорғанда өткен жылы әлеуметтік осал топтар санатына жататын 8357 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Талдықорған қаласы бойынша, Әлеуметтік осал топтар санатына жататын 8357 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1 млрд. 391 млн теңге қаржы төленді. Аз қамтылған отбасынан шыққан Жоғары оқу орындарында білім алуға 29 студентке оқуларын төлеу үшін 14,6 млн. теңге төленді; Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен 10 отбасына 7,4 млн. теңге төленді. Сонымен қатар, 1644 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 918,7...

Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ

Қазіргі уақытта елімізде  ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері - риновирус-36%, РС-вирус (респираторлық синцитиальды) -23%, аденовирус-12%, коронавирус - 11%, тұмау және парагрипп - 9%, метапневмовирус-1,6%.  Айта кетейік, Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ. Облыстағы барлық емханаларда күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс істейді. Көрсеткіштер бойынша 1 жасқа дейінгі балалар стационарларға жеткізіледі. Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда...

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. "Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді", - делінген хабарламада. "Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы...

Талдықорғандық ардагерлер  бильярдан өзара мықтыларын анықтады

Жаңа жыл қарсаңында  63 жастан асқан ардагерлер арасында бильярдтан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Бұл жарысқа 20-дан астам ардагер қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Нәтижесінде: І орынды  Дәулет Туғанбаев, ІІ орынды Магрип  Минияров алса, ал жүлделі ІІІ орынды  -  Геннадий Чарсов  түйіндеді.  Тулеу Мамбеталин жарыс төрешісі болды.   Сондай-ақ, Талдықорған қаласының ашық біріншілігінің «Ең жасы үлкен спортшы» номинациясы сыйлығымен  84 жастағы   Ашім Мамбетаев  марапатталды.