23.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 25 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 346

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қалыптастыру бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-1 бабының беретін өкілеттігі шеңберінде және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығының 23 - тармағының талаптарына сәйкес қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталуына байланысты, Талдықорған қаласының...

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған. «Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде...

ТОП-10: 2025 жылы қандай жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары болады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, сұранысы жоғары жұмысшы мамандықтардың алғашқы ондығының тізімі мынандай: 1. Жүк көлігінің жүргізушісі (21,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 5,4 пайызы); 2. Сантехниктер және құбыр салушылар (17,3 мың адам немесе жалпы сұраныстың 4,3 пайызы); 3. Дәнекерлеуші (15,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 3,9 пайызы); 4. Құрылысшылар бригадасының басшысы, бригадир (11,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,9 пайызы); 5. Автобус жүргізушісі...

Жұмысшы мамандықтары жылы: еліміз мектептерінде 1000 бейіндік сынып ашылады

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.  Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.  Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа...

Жетісу облысының колледждерінде биыл 14 жаңа мамандық ашылады

Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің...

Талдықорғанда спорттық және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені салынады

Талдықорған қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы орталық стадионды қайта жаңарту, волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу, сондай-ақ, «Жетісу» волейбол клубы үшін 4 қабатты жатақхана мен үстел теннисі орталығы ашылды. Биылғы жылы әсем әрі күрделі спорт түрлерінің бірі саналатын көркем және спорттық гимнастикаға арналған модульдік спорт кешені салынып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл...

Талдықорғанда «Оңтүстік-Батыс» тұрғын ауданында жаңа кварталдық қазандықтың құрылысы басталды

Облыс орталығы Талдықорған қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда қала бойынша 10 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде қаланың 90%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған ең ірі «Басқуат» қазандығы сондай-ақ, 5 кварталдық қазандық және 4 шағын қуатты қазандық бар. 2020 жылдан бері қазандықтарды қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде қазандықтардың бесеуі...

Талдықорғандықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Қазақ жұртының тізгінін ұстап, халық жүрегінен мәңгілік орын алған, елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтықсыз еңбек ектен қазақтың мақтан тұтар перзенті, аяулы ұлы Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай еске алу шарасы өтті. Өткенді санадан өткізіп, бүгінгіні саралап, болашаққа жол ашып, ұлы тұлғаларымыздың ұлағатты, ерлікке толы жолдарын әспеттеу үлкен құрмет. Шежірелі тарихымызға есімі алтын әріптермен жазылған алып тұлғаның игі істері...

Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады

Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша...