Тәуелсіз бақылаушылардың болуы – қоғамдық жауапкершілік: «Халық үні» тобы референдумды бақылайды
15 наурызда елімізде өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның белсенді азаматтары тәуелсіз бақылаушылар ұйымдарын құрып, дауыс беру процессін бақылайтынын жариялауда.
Сондай бастамашыл топтың бірі – «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бақылаушылық институттың маңыздылығы жайлы айтты.
Қазір саясаттанушылар – Нұрболат Нышанбай, Бекнұр Кисиков, Нұргелді Әбдіғани, Исламбек Дастар бастаған топ еліміздің бірқатар өңірінде бақылаушыларды даярлау, оқыту жұмыстарын...
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
Олжас Бектенов Көкшетау қаласының жеке секторын су басу мәселесін Қылшақты өзенін тереңдету және кеңейту жолымен шешу бойынша атқарылып...
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесіп, тұңғыш рет ел Суперкубогын иеленуімен құттықтады. Сол сияқты Қазақстан Республикасы XXXIV чемпионатының алдағы ойындарында жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғандағы волейбол орталығына арнайы барған өңір басшысы ойыншылармен және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесті.
- «Жайық» командасымен болған тартыста волейболшыларымыздың бәрі барлық позицияда жоғары деңгейде ойнады. Соның...
Мерекелік концерт, көрме, велошеру: Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады
Жетісу облысында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бірқатар мерекелік шаралар өтуде. Соның ішінде аудандар мен қалаларда әдеби сазды кештер, көрмелер, кездесулер, байқаулар, экскурсиялар және басқа да мәдени-танымдық шаралар жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық деңгейдегі және өңірдің барлық аудан-қалаларындағы мәдениет нысандарының ұжымдары әйел-аналарды құттықтауға арналған мерекелік іс-шаралар өткізуге белсене қатысуда.
Мәселен, Талдықорғандағы Көркемсурет...
«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Талдықорған қаласында 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала аумағында «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарға алдағы саяси науқанның маңызы мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілуде.
📌«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Асхат Досмұхамбетов, Қуаныш Сайлаубай және жастардан құралған жұмысшы топ бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, дайындалған ақпараттық парақшаларды таратты. Тұрғындарға референдумда ұсынылып отырған...
Ел дамуының жаңа сатысы
Жаңа кезеңдегі реформалар – ел дамуының сапалы жаңа сатысы. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңға енгізілген өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақтылай түседі. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, демократиялық құндылықтарды нығайтудың маңызды қадамы. Негізгі басымдық – адам және оның...
«Педагогикалық» идеялар панорамасы — 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды
Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.
Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.
Байқау ережелерімен толық танысу үшін ppi.orleu.edu.kz сайтына өту ұсынылады.
Дереккөз:...
Талдықорғанда жетінші әлеуметтік дүкен іске қосылды
Талдықорған қаласында жаңартылу жұмыстарынан кейін әлеуметтік дүкен ашылды. Жалпы, облыс орталығында «Жетісу» ӘКК желісі бойынша құрылған 7 әлеуметтік дүкен мен сөрелер жұмыс істейді. Онда азық-түлік тауарлары нарықтағыдан орта есеппен 20-25% төмен бағада, бұл жергілікті тұрғандардың негізгі азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуларына мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Халыққа пайдалы бұл сауда нысаны «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ...
Қоғамның қозғаушы күші саяси үдерісті қолдайды
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген нақылында да үлкен мән бар. Бүгін біз ұрпақты қалай тәрбиелесек, қандай білім берсек болашақтың болмысы сондай болмақ. Осындай тұщымды ойды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілі Қуаныш Сайлаубай жастармен «Open Talk: Таңдау уақыты» атты жиында кездесті.
Іс-шарада Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі...
Жаңа тарихты бірге жазайық!
Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жөнінде жасаған мәлімдемесі:
"Бүгін мен Парламент мінберінде бір мандатты депутат қана емес, қазақ қоғамының белсенді азаматы, тәжірибелі журналист ретінде сөз сөйлеп, қоғам жұртшылығына үндеу жасағым келеді. Оның үстіне, жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге тақау Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде,...





























