Талдықорған қаласында 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала аумағында «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарға алдағы саяси науқанның маңызы мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілуде.
📌«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Асхат Досмұхамбетов, Қуаныш Сайлаубай және жастардан құралған жұмысшы топ бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, дайындалған ақпараттық парақшаларды таратты. Тұрғындарға референдумда ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, дауыс беру тәртібі және реформалардың негізгі бағыттары жайлы толық ақпарат берілді.
📌Акция барысында өңірлік коалиция өкілі Асхат Досмұхамбетов жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндірді, оның айтуынша:
– Басты Құжаттағы Ел мен Жер бүтіндігі, адам құқықтары мен бостандықтары, мемлекет пен дін бөлектігі, цифрландыру, ер мен әйелдің арасындағы ерікті әрі тең құқықтық неке одағы, Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттар өте өміршең. Осылайша азаматтық қоғамның мемлекет басқару ісіндегі рөлі артып, мемлекетіміз үрдіс гүлденіп, ақ әлемдегі беделіміз жоғарылай түспек, — деді ол.





























