0.1 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 2 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 297

Жетісу облысында 170 мыңнан астам жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсырды

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылы облыста активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет 64,2 мыңнан астам басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 – нысан) өңірде 105 958 жеке тұлға табыс етті, олар 2023 жылы 250.00-нысанды кіріс декларациясын тапсырды. Бұл ретте...

«Жетісу» көшесі жүлдегер

Өтенай ауылдық округіне қарасты Пригородное ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде  «Таза көше» атты конкурс ұйымдастырылды. Конкурс шарттарына сәйкес, аулаларды абаттандыру, атап айтқанда, гүл отырғызылған және аула  қоршауларының боялуы тағы да басқа тұрғындардың креативті идеялары ескерілді. Конкурс нәтижесін  қорытындылауға жергілікті қоғамдастық ұйымның мүшелері мен әкімшілік қызметкерлері қатысты. Конкурс жеңімпазы ретінде Пригородное ауылының «Таза көше» номинациясымен  «Жетісу көшесі» марапатталды.

АЭС: сенімді энергия көзі

Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша,...

Халықтық штаб өкілдері ассамблея мүшелерімен атом энергетикасының тиімділігі турасында пікір алмасты

Халықтық штаб мүшелері «Достық үйінде» жергілікті этнос өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді баяндады.  Сыр елі өзінің қазақы ортасы мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанған аймақ ретінде көпшіліктің таңдайын қақтырған. Өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің айрандай ұйыған татулығы баршаға үлгі. Алдымызда тұрған үлкен саяси науқан – жалпыхалықтық референдумда да жұдырықша жұмылып, Мемлекет басшысының маңызды бастамасын қолдайтынын жеткізген ассамблея мүшелері атом энергертикасының...

Қазіргі атом электр стансалары бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз

Акиро Токухиро, Онтарио технологиялық университетінің профессоры: «Қазіргі атом электр стансалары 70 жыл бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз. Олармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандар қажет. Қазақстанда мұндай мамандар бар. Менің ойымша, 20 миллион халқы бар ел ретінде сіздер ядролық энергетика саласының кәсіби мамандары бар басқа елдерге қосыла аласыздар.Атом энергетикасының пайдасы тек электр энергиясын өндіруде ғана емес, сонымен қатар басқа салаларды дамытуда...

Ардагерлерге құрмет

Барша адамзат үшін бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін жауға қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың көрсеткен ерен ерлігі үлгі. Еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн ұмытылмақ емес.  Ел басына күн туған уақытта  тұтас елдің азаттығы үшін қасық қаны қалғанша күрескен бабалардың қажымас қайсарлығы,  көзсіз қаһармандығы  ұрпақ  жадында  мәңгі  сақталары  хақ. Аймағымызда соғыс және еңбек ардагерлерін әрбір...

«BIKEN»II Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда

Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Римова Бикен Ырымқызы атындағы «BIKEN»II Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда. Фестивальдің  мақсаты  – театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызын мәңгі есте қалдыру.Эстетикалық деңгейді арттыру және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік...

Талдықорғанда қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр

Қала әкімі Ернат Бәзіл қала іргесіндегі «Сәмен» ЖШС-нің және «Несипбаев» шаруа қожалығының қант қызылшасын жинау науқаның көріп, жұмыс барысымен танысып, дала еңбеккерлерімен кездесті. Биылғы жылы Талдықорған қаласы бойынша 8 шаруа қожалығы 150 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан 6 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. Алқап басында жүрген диқандар жаз бойы күтіп-баптап өсірген тәтті түбірден мол өнім алуды көздеп отыр....

Жаңа спорт кешені – ел игілігіне

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту аса маңызды. Әсіресе балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді» - деп спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға көңіл бөлуді талап еткен еді. Осы орайда қала күні мерекесі қарсаңында  Өтенай ауылдық округінде  «Temirlan Аrena» спорт кешені қолданысқа берілді. Спорт кешенінің ашылу салтанатына қала әкімінің...

Еңбегінен ел таныр

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде  Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару, ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында бекітілді. Осы орайда еңбек құндылықтарын ілгерілету, жұмыскерлерді қолдау бағытында мерекелік жиын өтті.   Шараға салалық мемлекеттік органдардың басшылары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне атсалысқан аға буын өкілдері...