Тарихи мән-маңызы айрықша

120

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Президент жиын барысында  ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керектігін баса айтып, бірқатар маңызды міндеттерге қысқаша тоқталды. Ең әуелі ол бұл басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша екенін, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отырғандығын айтып, барша халықты құттықтады. «Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты»-деді. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың, өзара келеңсіз жағдайлардың  пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін әлемде баламасы жоқ құрылым.  Қазақстанның әрбір тұрғынына қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік деген баға жетпес құндылықтарды дәріптеп келеді.  Сондай-ақ, этносаралық татулық пен өзара түсіністікті нақты нәтижелі игілікті істермен насихаттауда.

Гүлжанат НҰРШАНОВА, «Талдықорған» газетінің бас редакторы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз