Бауыржан Момышұлының портреті Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Астана Арена" стадионында 2 736 шаршы метр болатын Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалып, ол «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.
Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Оған Астананың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысып, биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портретті фотомозайка форматында құрастырып шықты. Әрбір пиксельдің өлшемі 1...
Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс
Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін 27 мектептің арасында Жеңістің мерейтойына арналып, «Ұрпаққа ұран болған – ұлы Жеңіс» атты патриоттық өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш байқау 14-23 сәуір аралығында өтіп, оған қаламыздың 27 мектебінің 5-10 сынып оқушылары қатысқан болатын.
Сол шараның қорытындысы шығарылып, салтанатты шара І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында қала әкімі Ернат Бәзілдің қатысуымен өтті.Патриоттық өнер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен бұрын...
Жетісуда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 300-дей шара өткізілуде
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 300-дей шара өткізу жоспарланған. Бұл мерейтойлық шаралар жыл басынан басталып, бүгінге дейін жалғасып келеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жоспарланған мәдени-бұқаралық, патриоттық іс-шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларында өтуде, бұл ретте жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жергілікті жерлерде 9 мамырда өңір басшылығы ҰОС ардагерлерін үйлеріне барып құттықтайды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне...
Жетісу облысының майдангер батырлары
Жетісу өңірінен майдан даласына 120 мыңнан астам адам аттанып, олардың қай-қайсысы да қажырлылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Олардың 38-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 5-еуі Даңқ орденінің толық иегері 58-і ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанды. Сол сияқты аты аңызға айналған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы Жетісу өңірінен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кеңес Одағының Батыры...
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ
Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз!
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады, және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді. Бұл — әйелдер мен олардың сәбилері үшін ең толқынысты әрі маңызды...
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады
Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылуда. Ауыл-біздің қоғамымыздың негізі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты назарында.
Жоба төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басым бастамаларының біріне айналды. Осылайша мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен еріктілер кезең кезеңімен өңірлерге...
Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында
13 мың шақырым жол қамтылады.
«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.
Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.
Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және...
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы па – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан...
Алматы индустриалды аймағында 417 миллиард теңгеге 67 жаңа жоба жүзеге асырылуда
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінге дейін жалпы құны 138,2 млрд теңгені құрайтын 41 жоба сәтті жүзеге асырылған Алматының Индустриалды аймағында болды. Бұл жобалар 4 700-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жалпы құны 416,9 млрд теңгені құрайтын тағы 67 инвестициялық жоба белсенді сатыда, бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Министр...





























