Талдықорғанда «Қала күні» мерекесі қарсаңында шинкиокушинкай каратэдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында «Taldykorgan Cup» қалалық ашық турнирі өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы қала әкімінің жүлдесін сарапқа салу үшін Алматы, Текелі, Қапшағай, Талдықорған қалаларынан, сонымен қатар, Ескелді, Қаратал, Жамбыл, Кербұлақ және Көксу аудандарынан жалпы 250-ге жуық жас спортшы келді. Олар татамиде өзара шеберлік байқасып, үздіктерін анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының жасөспірімдері командалық сайыста топ жарды. Екінші орын алматылықтарға бұйырса, үздік үштікті Текелі қаласының спортшылары еншіледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK