20.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 281

Тарихи мән-маңызы айрықша

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Президент жиын барысында  ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керектігін баса айтып, бірқатар маңызды міндеттерге қысқаша тоқталды. Ең әуелі ол бұл басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша екенін, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отырғандығын айтып, барша халықты құттықтады. «Бұл – бүкіл Қазақстан...

Елдің басты құндылығы — ынтымағында

Мемлекетіміз түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір бірнеше ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстыра білген бейбітшіліктің символы. Рухы биік қара шаңырағымыз  қашанда татулық пен бірлікті басты байлық деп санаған. Әлемде өз орнын ойып тұрып алған қазақ елінің басты құндылығы да, барлық жетістіктеріміздің кілті де жарасты ынтымағымызда жатыр.  Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені Қазақстан халқы...

Жетісу облысында 800-ден астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан...

Жетісу облысына – 3 жыл: 2025 жылдың соңына дейін облыстың барлық елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

Жетісу өңірінде қазірдің өзінде қала тұрғындарының 100 пайызы, ауыл тұрғындарының 99,5 пайызы сумен қамту қызметіне қол жеткізген. Ал жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтуға жататын 331-і елді мекеннің барлығы немесе 694,2 мың адам орталық ауыз су жүйесіне қосылады деп күтілуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2022-2024 жылдары облыста 420,5 шақырым су құбыры желісі қайта жаңғыртылып, 24 елді мекенде...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

Қадірлі отандастар! Құрметті Ассамблея мүшелері! Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда...

Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым

Президент: «Әр жылдары елімізде түрлі диалог алаңдары мен қоғамдық органдар құрылды. Алайда бүгінгі мерейтойлық жиында Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін атап өткім келеді. Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз....

«Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс

Мемлекет басшысы: «Үшіншіден, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс. Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлері – Қазақстан мәдениетінің баға жетпес қазынасын толықтырып тұр. Бұл музейлерді көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларды жинады. Бұл...