«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі іс
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Алмалысу» шекара бөлімшесінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бөлімше аумағында тазалық шаралары жүргізіліп, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Бұл шара шекарашылардың табиғатты қорғауға және жасыл аймақтарды көбейтуге деген жауапкершілігін көрсетеді. Алдағы уақытта да бөлімше ұжымы осындай игі істерді дәстүрлі түрде жалғастыруға...
«Кітап – бөлек бір әлем» атты шара рухани құндылықты бағалауға үндеді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапхана бөлімінде Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап - бөлек бір әлем» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың әдеби кітаптарға деген қызығушылығын арттыру, олардың кітап оқу мәдениетін дамыту және рухани дүниесін байыту болды.
Кешке құрметті қонақтар ретінде подполковник Берік Қалиахметов, полковник Жекебай Байсаханов, подполковник Айдын Дәрібаев және Алматы...
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды
Биыл жұмысшы мамандықтары жылы. Сондықтан оларға қолдау көрсетіп, ыңғайлы жағдай жасау басты міндет. Әсіресе, еңбек адамдарының баспаналы болуына көмектесу кезек күттірмейтін мәселе.
Бұл туралы «Отбасы банк» облыстық филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев пен аталған банктегі бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Булегенов айтып берді. Сондай-ақ, тілшілер сұрағына да жауап қайтарды. Белгілі болғандай, отбасы банк 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосып, өтінім...
Колледж бітіргендер жұмыссыз қалмайды
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде жоспарланып жатқан іс көп. Осы ретте колледждер мен облыстағы жетекші кәсіпорындар арасында 10 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің жұмыссыз қалмайтынын аңғартады.
Облыс орталығында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумға жұмыс беруші кәсіпорындар, білім беру мекемелерінің өкілдері мен студенттер қатысты. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түрді....
Оқушылар кәсіпорын жұмысымен танысты
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы Талдықорған қаласындағы 2 мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіпорындардың жұмысын көрсетті.
Оқушылардың кәсіпорындарға баруы «жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды. Жасөспірімдер Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» ЖШС мен «ТК Метакон» ЖШС-індегі жұмысты көрді. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорынның отандық нарықта өз орны бар. Балалар әр цехты аралап, сүт өңдеуден бастап, өнім дайындауға дейінгі жұмыстармен танысты. Олар бұл...
Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур өтті
Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай қолға алынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – колледжде даярланатын жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру. Пресс-тур аясында қатысушылар оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру үрдісіне жан-жақты баға берді.
Шараға «Жетісу» телеарнасы, «Жетісу» газетінің руханият бөлімі және...
КӘСІПТІК БІЛІМ САПАЛЫ БЕРІЛЕДІ
Биыл Жетісу өңіріндегі 11 колледжде 14 жаңа мамандық ашылады. Ол үшін білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға облыстық бюджеттен 488 млн. теңге бөлінген. Игілікті іс алдағы оқу жылынан бастап қолға алынғалы отыр. Енді аймақтағы оқу орындары нарық сұранысына қарай өңдеу өнеркәсібі, энергетика, ауылшаруашылығы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларына маман даярлайды. Осы ретте Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғандағы бірнеше орта кәсіптік білім...
Өлмейтін өнеге
Ағaштaн бұйым жacауды жaңғыpтып, қaзaқтың өнepiн дaмытқан қoлөнep шeбepлepi бүгінде көп. Coлардың бiрi – жетісулық Алпысбай Ахметов. Алты қыздың әкесі өз ісінің майталманы. Жас ұрпаққа білгенімен бөлісіп, ұлттық өнерді ұлылығымыздың белгісі етуде.
Алпысбай Ахметовтың мамандығы – агроном. Өмір иірімі ұстаздық қызметке жетелепті. Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектебінде еңбек пәнінен 30 жылға жуық сабақ беріпті. Отын ағаштан оқтық мүсін...
«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық чемпиондар лигасында тұңғыш алтын медалды иеленді
«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның чемпиондар лигасында топ жарды. Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте –...
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бүгінгі сенбілікке 11 мыңнан астам жетісулық тұрғын қатысты
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылып, оған жалпы саны 11 мыңнан астам жетісулық тұрғын қатысты - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сенбілікте облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, ауылдар мен қалалардың тұрғындары болды. Тазалық шарасында облыс аумағындағы елді мекендер түгел қамтылып, көшелердің бойында, саябақ, сквер, аллеяларда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы осы...





























