Салықтық рақымшылық жасалуда

74
дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында «Орта  бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық» атты баспасөз мәслихаты   өткізілді. Салықтық рақымшылық  жөнінде Алматы облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Сапар Шайкенов пен Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Ахметжанов тарқатып айтып берді.

Айтар болсақ, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Салық кодексінің 57-3 бабына сәйкес жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізуді жүзеге асыру қағидалары бекітілген еді. Қағидалар нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 2 тамызында жарияланды. Ол заңды түрде  13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді. Осыған орай барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комиссиялар құрылған.  Спикерлердің айтуынша, комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарына түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл 2020 жылдың 5 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Егер де, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салық міндеттері бойынша берешегі бар болып, ол өтелген жағдайда, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өсімпұл сомасын алып тастау туралы шешім шығарылады. Бұл ретте Заңның 57-3- бабының ережелерін және қағидалары негізінде салықтық рақымшылықтың бірінші санатына , орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар, оларға көлік, мүлік, жер, жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем міндеттемелері барлар кіреді.  Алматы облысы бойынша 102985 жеке тұлғаның негізгі берешегі -1457756,9 мың теңгені  және өсімпұлы -507751,2 мың теңгені құрады.  Ал осы тамыз айының соңында рақымшылық негізде 1572 азаматтың 22211,4 мың теңге өсімпұлы есептен шығарылды.

Ал екінші санатқа  кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар) , жергілікті ақпарат жүйесінен «БСАЖ» АЖ-не өткен кезде, он бес жыл бұрын  пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, алайда  жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтындар енеді.  Олардың жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ . Сондықтан салықтық берешектің барлық сомасы есептен шығарылады. Осы екінші категорияда өңір бойынша 15 жеке тұлғаның берешек сомасы 39,7 мың теңге болса, оның ішінде өсімпұл -17,1 мың теңгені құрады. Салық берешегі толық есептен шығарылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң қолданысқа енгізілді. Салық төлеуші 2018 жылдың 1 қазаны мен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде салықты  төлеген жағдайда  берешегі жоқ деп танылады  және бюджетке енгізуге жатпайды. Сондай-ақ,  Заңда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен есептен шығаруына болады деп  көрсетілген.

Осы жылдың тамыз айындағы мәліметке сәйкес, 5331 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 423,3 млн.теңге берешегін төлегендіктен, 110,8 млн. теңге сомасына өсімпұл және 22,0 млн. теңгенің айыппұлдары өтелді. Рақымшылық жасау үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың керегі жоқ. Негізгі қарыздың сомасын, өсімпұл мөлшерін комитеттің интернет ресурсынан,  веб-қосымшасында жеке шоттан көшірмесін алуға және «Электронды үкімет» порталынан, онлайн режимінде «Салық қарызының жоқтығы (болуы) туралы ақпарат» электрондық қызметін пайдаланып,салық төлеуші ЖСН/ БСН  бойынша   біле алады. Осылайша, алдын ала деректер бойынша,  122,6 млрд. теңге қарыз төленген жағдайда, 39,3 млрд. теңге сомасындағы өсімпұл  мен 0,1 млрд. теңге айыппұл есептен шығарылады деп күтілуде.  Акция жылдың соңына дейін жалғасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK