Ана — өмір шуағы
Бүгін Жетісу облысы ҚХА жанындағы Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, «Аналар күніне» орай «Ана – өмір шуағы» мерекелік шарасы өтті.
🔹Іс-шара барысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Андабеков Жеңіс Саятбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды.
🔹Сонымен қатар, ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алтын қалам» әдеби сыйлығының...
Тәрбие-тектілігі ұрпаққа үлгі
Талдықорған қаласында ардагерлер кеңесі құрылғалы бері дәстүріміз дәріптеліп, салтымыз жаңғырып, өшкеніміз қайта жанғандай. Жас буынның бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуда абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың берері мол-ақ.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен облысымызға еңбегі сіңген азаматтардың есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында естелік тақта қою рәсімі жыл сайын жалғасын тауып келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында...
Жетісуда үздік бастауыш сынып ұстазы кім?
Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2025» байқауы өтті. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес он педагог өзара бақ сынады.
Өңірдегі ұстаздардың мәртебесін көтеру маңызды. Осы мақсат аясында педагогикалық мәдениеті жоғары һәм авторлық жаңашыл идеясымен көзге түскен мамандар өзара бақ сынап, тәжірибе алмасты.
«Мұнда біз педагогтердің кәсіби беделді тұлға қалыптастыруда атқаратын рөлін айшықтаймыз. Сонымен қатар бастауыш...
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді.
Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр...
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр.
Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары...
МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ
Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің мейіргерлер қауымдастығын біріктіретін кәсіби мереке атап өтілуде.
Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері, олардың 146 мыңнан астамы – мейіргер жұмыс істейді, ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде.
Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Қызмет аясын...
Құтқарушыларға арналған жаңа техника шалғайдағы ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Атырауда салтанатты рәсім өтті, онда өңірдің құтқарушылары жаңа техника алды. Мамандандырылған автомобильдерді тапсыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің жұмыс сапары аясында өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен азаматтық қорғау ардагерлері қатысты.
Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?
Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
2021 жылдан бастап Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бұл секторды ірілендіріп, экономиканың толыққанды бөлігіне айналдырудың маңыздылығына бірнеше мәрте тоқталған.
Бүгінде Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт пен 43 ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің...
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін
Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.
Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды?
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы...
Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
«Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс...





























