Еуропалық хас шебердің фортепианолық сазы
6 желтоқсанда алғаш рет танымал венгриялық дәулескер пианист Дьёрдь Оравец«Астана Опера» сахнасына шықты. Ол өзінің ұлы отандасы, біртуар композитор Ференц Лист дәстүрлерінің әлемге әйгілі жалғастырушысы әрі туындыларының шебер түсіндірушісі.«Еуропа майталмандарының ұмытылмас әуендері» жарқын концерті Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен елордалық театрдың К.Байсейітова атындағы Камералық залында өтті.
Керемет венгр пианисі Дьёрдь Оравецтің өнер көрсетуіне үздік әлемдік залдарда көпшілік қол соққан....
Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды. Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланады, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер айтылады.
Мемлекет басшысы Newsmaker Interview...
Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі турист және 224 млрд теңге кіріс Қазақстандағы туризмді нығайтты
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын ұсынуды жалғастырады.
2024 жыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде туризм саласын жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға кірігуге бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың, инвестиция тарту мен халықаралық аренада ілгерілетудің арқасында еліміз экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара...
Талдықорғанда Жетісу облысындағы алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды
Жетісу облысының спорт объектілерінің қатары тағы бір жаңа нысанмен толығып, бүгін Талдықорған қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған Үстел теннисі орталығы ашылды. Бұқаралық спорт нысанының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, «Қазақстан барысы» тұңғыш турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Орталықтың ашылуында...
Елімізде толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт Жетісу облысында ашылды
Бүгін Жетісу облысының толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, атап айтқанда, күн, жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылады. Өнімнің 40% отандық нарыққа, 60 % экспортқа бағытталған.
Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт...
Жетісу облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды
Мүгедектер күніне орай Жетісу облысында тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды. Нысан Жаркент қаласындағы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында орналасқан. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды атқа мінгізу арқылы ем жасалады.
Орталықтың ашылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қолдау көрсеткен.
– Ерекше қажеттіліктері бар баланың дүниеге келуі – ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Ондай балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып өсуіне мемлекет барлық...
Жетісу облысының әкімдігі Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Талдықорған қаласында облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында облыс тұрғындарын диагностикалау, емдеу, оңалту бағытында, жаңа технологиялар мен озық емдеу әдістерін меңгеруде, инновациялық әдістемелерді дамытуда екі жақты білім мен тәжірибе алмасу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой бастаған орталықтың білікті ұжымына өңірлермен ынтымақтастық орнатуға...
Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің және Жетісу облыстық әкімдігінің қолдауымен астаналық педагогтер мен білім беру ісінің ардагерлері үшін жетісулық режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге...
Жетісу облысы әкімінің «Жыл волонтері» сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Талдықорған қаласы, Салтанат сарайында облыс әкімінің орынбасары Д.Есдәулетов өңірде қызмет атқарып жатқан волонтерлік ұйымдармен, бастамашыл топтармен және белсенді еріктілермен кездесті. 2 сағатқа жуық уақыт волонтерлік саланы дамыту, өзекті мәселелер туралы ашық талқылау, ұсыныстар айту болды.
Кездесу соңында 2024 жылы нәтижелі еңбек еткен, жұмыстары көпке үлгі, “Таза Қазақстан”, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен, волонтерліктің 8 бағыты бойынша жыл бойы...
Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты
Primeminister.kz сайтының редакциясы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі басымдықтар мен шаралар бойынша жыл қорытындысына арналған шолулар топтамасын ұсынуды жалғастырады.
Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, ал ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Еліміз кең байтақ аумағы мен...




























