Суретті түсірген Айдын Нұршанов

«JetisuMedia» алаңында «Алматы облысының жедел жәрдем қызметіндегі өзгерістер» тақырыбында баспасөз-мәслихаты журналистер қауымына арналып өтті. Шараға келген спикер Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қалдыбаев Қанат Зекенұлы қызметтегі жаңашылдық пен оң өзгерістер турасында баяндады.

«Бүгінгі таңда Алматы облысы жедел жәрдем станциясының балансында 121 жедел жәрдем көлігі бар.  8 реанимобиль болса, оның біреуі  қалада  және 7-еуі  ауылда. Денсаулық  сақтау министрлігінің  арнайы бұйрығымен жедел жәрдем көліктері   сары түске боялып, жедел жәрдем бригадасы   түгелімен  GPS-навигация жүйесімен қызмет көрсетеді. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 68,1%, ал орташа медициналық қызметкерлермен толықтай қамтылып отыр. Медицина мамандары халықаралық стандарттарға  сай дайындалған. Жедел жәрдем жүргізушілерінің өзі  жол жүру ережелерімен танысып, «Қиын жағдайда қауіпсіз жүргізу» және «Парамедика» циклды оқытудан өткен. Жедел жәрдем бригадасы құрамының  8-і дәрігер, 9-ы мамандандырылған және 104-і фельдшерлік  көмек. «103» саны  автоматтандырылған басқару жүйесін қолданатын жедел жәрдем диспетчерлері  қоңырауға қарай  оның категориясын да  анықтайды»,-дейді   жедел жәрдем  станциясының басшысы.

Жедел жәрдем қызметінің  шақырулары  шұғыл 4 санатқа бөлінеді. 1-2-3 жедел категориялар — бұл науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.1 шұғыл санат бойынша 10 минутқа дейін, 2 санатта 15 минутқа дейін, 3 санатта 30 минутқа дейін жету  көзделген.

Ал 4 шұғылдық санат- бұл  науқастың созылмалы ауруының өршуінен туындаған,  өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар жатады.  Бұл шақыруға бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін.

Спикердің айтуынша, шұғыл шақырулардың 4-ші санаты қоңыраулардың жалпы көп бөлігін құрайды. Тіпті себепсіз, негізінен созылмалы  ауруы бар науқастар жиі шақыртады. Жедел жәрдем тобы барған кезде науқастың  жағдайы қанағаттандырарлық, қан қысымы қалыпты болады. Көбінесе, жанашыры жоқ жалғызбасты әжелерден  шақыру көп түседі.  Отбасындағы кикілжіңнен түрлі эмоциялар әсерінен еш шағымы болмаса да шақыртатын жастар бар.

1-2-3 санаттағы қоңыраулар түскен кезде, көп жағдайда  жедел жәрдем бригадасы шұғыл шақырудың 4 санатына бара жатады. Осыған байланысты аса көмекті  қажет ететін науқастарға  кешеуілдеп баратын жайттар да кездеседі.

Алайда, шұғыл санатқа қызмет көрсететін емхана құрамындағы бригадалар ашылғаннан  бері қоңыраулардың кешігуі 35% азайды.  Осылайша,  емханалар  құрамындағы бригадалардың қосалқы бөлімшеледің құрылуы  бұл іске үлкен болды.

Науқасты жедел жәрдем бөлмесіне жеткізу кезіндегі  3Н жүйесінің маңызы зор. Ол бойынша (қызыл, сары, жасыл аймақ) медициналық сұрыптау жүргізеді. Бұл жүйе  науқастын шұғыл жағдайларда жедел медициналық көмекті уақтылы көрсетуге арналған.  «Жол картасы» мен арнайы бұйрықтың орындалу рейтингі бойынша Алматы облысы республикада екінші орында.

Спикердің  айтуынша, халыққа көрсетілер медициналық  қызмет жетіле түскен. Тұрғындарға дер кезінде барып көмектесіп, амандығын қамтамасыз ету, сөйтіп, қолдан келгенше айтып келмес  ажалдан арашалап алып қалу – басты міндет.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK