Жаз мезгілі басталды. Осы уақытта балалардың жазғы лагерьлері жұмысын бастайды. Жетісу облысы СЭБД бірнеше талап бар екенін ескертеді.
Жазғы сауықтыру маусымы ашылмас бұрын келесідей талаптарды орындау қажет:
- Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- Аумақты тазалау және абаттандыру;
- Инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы;
- Ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, мамандандырылған ұйымдармен сумен жабдықтау жүйелерін жуу жөніндегі актінің болуы;
- Профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бойынша орындалған жұмыстар туралы актілерінің болуы;
- Төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;
- Объектіні пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
- Медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткен білікті кадрлармен жасақталуын қамтамасыз ету;
- 071/е нысаны бойынша «Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама» құжаты, инфекциялық аурулармен байланысы жоқ деген анықтама болған кезде балаларды қабылдауды жүзеге асыру;
- Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбір ауысым аяқталғаннан кейін күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары





























