Бейбіт Исабаев бірқатар сала мамандарына марапат тапсырды
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырды.
Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында Бейбіт Исабаев өңірдің жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын, онда барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті.
- Энергетика - елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да,...
Желтоқсан құрбандарын еске алды
Талдықорғандықтар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алды. «Желтоқсан желі ызғарлы» монументіне гүл шоқтарын қойып, оқиғаның құрбандарына тағзым ету рәсімі жасалды.
Жиынға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойы арман еткен мақсаты, ел еркіндігі мен болашағына жол ашқан ұлы күн, еліміздің ең құнды байлығы. Оны қорғау, болашағын баянды ету - сіз бен біздің міндетіміз....
Инфрақұрылымды дамыту – басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету, сондай-ақ мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді пайдалану қажеттігін баса айтты.
Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау...
Тәуелсіздік күнінде жетісулық 76 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысында Тәуелсіздік күніне орай халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 76 отбасы жаңа баспаналарының кілтіне ие болды. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйі, ауылдық клуб және спорт кешені, жалпы алғанда 10 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды.
Атап айтқанда, Көксу, Ескелді, Панфилов аудандарында кезекте тұрған азаматтарға үй беріліп, өңірдегі 76 отбасы жаңа қоныс қуанышына кенелді. Оның 50-і...
Тарихта із қалдырған желтоқсан жаңғырығы
Тәуелсіздік күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Желтоқсан оқиғасының куәгерлерін қабылдады. Осындай азаматтар саны қаламызда 40-қа жуықтайды. Қала басшысы тәуелсіз қазақ елінің бағындырған биік белестері мен қазақ жастарының толқуына қатысқан жандардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті. Айтар болсақ, батыр бабаларымыздың ұланғайыр жер мен елді дұшпан аяғына таптатпай, қасық қаны қалғанша қорғағаны өр халқымыздың болашақ жолында жасаған...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау...
Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Құрметті халқым! Сіздерді айтулы мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егеменді еліміздің туы көкте қалықтай берсін! Қазақ жұртына мықты денсаулық, татулық пен ырыс-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын!
Жанар Бейсенбаева, ұстаз.
Егемен елдің ұлық мерекесі құтты болсын!
Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақ мемлекеті әрқилы кезеңдерден өте отырып,дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтылуда. Мен, "ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген теңеумен тарихта қалған қиын жылдарды басынан өткерген бабалардың ізін жалғастырушы ұрпақпын. Бұлай дейтінім, Монғолиядан қазақ жеріне, ата-баба арманын арқалап келгеніме оншақты жыл болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатын қолдап, ел дамуына өзіндік үлесімді қосып жүрмін. Әкем-Монголхан...
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Құрметті жерлестер! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығымен құттықтаймын! Бұл мереке-халқымыздың мызғымас бірлігін әлемге паш етіп, дербес мемлекет ретінде танылған күн. Осы бақытымыз баянды, еліміз бай-қуатты болғай! Әрбір отбасына амандық, береке, қуаныш, шаттық тілеймін!
Әділ Тарпанбаев, зейнеткер-құрылысшы.




























