Балалар- болашағымыз

250

Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылар арасында еркін форматта  «Біз – бақытты балдырған» атты open air өткізілді. Іс – шара барысында «Өлең мен би — көңілді күй»  тақырыбында 5 сынып оқушысы Рысбек Каусар Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»,  Асет Әбдіқадыр Мұқағали Мақатаевтың  «Үш бақытым», Асет Айнұр Сұлтан Қалиұлының «Ана тілі», Тиунова Анжелика және тағы басқа оқушылар үйлерінен даярлап келген өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Серікғазы Анель мен Азамтқызы Амина қазақ биін мың бұрала биледі.  «Менің достарым атты асфальтқа сурет салу байқауы және ұлдар арасында   «Ұлттық ойын ұмытылмасын» атты арқан тартудан жарысқа түссе, ал, қыздар арасында «Кім жылдам?» ойыны тартысты өтті.  Бұл шараның  мақсаты: балаларға шын көңілден мерекелік көңіл — күй сыйлай отырып, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу. Шара соңында кітапханашы  К.Жұмаділқызы мерекеге қатысушыларға жүрекжарды ақ тілегін білдірді, жақсы сурет салған, жақсы өнер көрсеткен балаларды марапатталды. Сонымен қатар балмұздақ таратылды.

 

                                                                                            Күміс Жұмаділқызы,

                                                                           3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана

                                                                              филиалының кітапханашысы

                                                                                                    

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз