17.7 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 252

Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа. Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды. @TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары - Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару,...

Мәдениет — рухани діңгек

Өткен жылы Жетісу өңірінің ауылдарында 4 мәдениет үйі, 8 блокты-модульдік клубтар, Үштөбе қаласында Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі қолданысқа берілді. Ал, биыл 9 мәдениет үйінің, 1 аудандық кітапхананың құрылысы және 2 ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы және өзге де жағымды жаңалықтар мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында мәлім болды. Сала қызметкерлерін  облыс...

Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ел өңірлерінде жәрмеңке маусымы белсенді өтіп жатыр — наурыз бен мамыр аралығында 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, 1 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Тек 17–18 мамыр күндері 200 тоннаға жуық ет өнімі сатылды. Ең көп сиыр еті Алматы (45 т), Ақтөбе (21 т) және Павлодар (12,3 т) облыстарында өткізілді. Осы кезеңде 1782 тоннадан астам сиыр еті жәрмеңкелер арқылы сатылған. Ұлттық статистика бюросы:...

Қазақстанның 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді

Егістік алқаптарды үйірлі шегіртке зиянкестерінен қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Болжам бойынша, 2025 жылы шегірткелердің таралу аумағы 2,1 млн гектарды құрайды деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Шегірткенің ең көп таралуы Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында болады деп болжануда. Мониторинг пен өңдеу шараларына 4 625 адам тартылған. Жалпы алғанда, зиянкестермен күреске 443...

Азия чемпионаты: боксшы қыздар 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды. Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты. Атап айтар болсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия,...

Қорғаныс министрлігінің алқасы: ведомство басшысы әскерлерді дамытудың басым міндеттерін айқындады

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Онда 2024-2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы оқу кезеңіне арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды. Алқа жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың басшылық құрамы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, сондай-ақ әскери оқу орындарының бастықтары қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы геосаяси жағдайдағы...

Тәртіп өзіңнен басталады

Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, «Қос Қанат Жетісу» ҚБ   ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алу мен оған қарсы күрес, профилактикалық шаралар  негізінде түсіндіру жұмыстары бойынша жасөспірімдер арасында  «АИТВ / ЖИТС – білу және қорықпау!»  атты акция өтті. «Талдықорған қаласындағы алаяқтықтың, интернет-алаяқтықтың, лудоманияның, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберіндегі аталмыш шараға қаламыздағы арнаулы білім беру мекемелерінің білімгерлері...

Жарты ғасырлық жолдың жарқын жемісі

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың мәдени-рухани дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Ол «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі....

Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді

2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады. Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Аталған кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды. Осы істердің қатарында қайтарылған сома 5 млн теңгеден асқан жағдайлар да...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 202 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 853,6 мың отбасы жалпы сомасы 201,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 611,5 мың отбасы 176,0 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242 мың адам 25,9 млрд теңгеге қамтылды. 2025 жылдың сәуір айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 860,1 мың отбасы жалпы сомасы...